Мадина Сәдуақасова құрбысы Қарақаттың тойына неге бармағанын айтты

26 Тамыз, 06:26 2122

Қазақстандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова өнердегі жақын құрбысы Қарақат Әбілдинаның күміс тойына бармаған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Өнер иесі оның себебін әлеуметтік желіде түсіндірді. Желі қолданушылары дүбірлі тойда Мадина Сәдуақасованың бой көрсетпегенін байқап, оны сұрақтың астына алған.

Эстрада жұлдызы мерекелік шараға өзі бара алмаса да, Instagram-дағы парақшасында құрбысын құттықтап, ақ тілегін жолдаған. Өнер иесі аталмыш күміс той оның Тәжікстанға жұмыс сапарымен тұспа-тұс келіп қалғанын айтты. Сол себепті ол құрбысының қуанышында бола алмаған.

Кеше достарымның күміс тойлары өтті. Бәрімізге үлгі болып жүрген керемет отбасы! Шын жүректен құттықтаймын, жандарым! Екі дүниенің бар бақытын тілеймін! Ерекше жақсы көремін, құрметтеймін Қыдыр мен Қақатты. Әзірге осындай құттықтау Тәжікстаннан, бұйыртса өзіміз отырып тағы тойлаймыз, - деп жазды эстрада жұлдызы.

Перизат Саденова
Бөлісу: