Мадина Сәдуақасова: Дубайдан көйлек алу үшін көлігімді саттым

29 Қаңтар, 12:16 1658

Танымал әнші Мадина Сәдуақасова «Жарқын жүздесу» бағдарламасына берген сұхбатында Дубайда бір әдемі көйлекті алу үшін көлігін сатқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқи отырыңыз:

Көлігін сатып, көйлек алған адамды көрдіңіз бе? Сол мен ғой. Осыдан бірнеше жыл бұрын бір көйлекті қарап, қатты ұнаттым. Шамамен 2005 жыл болды. Ұйықтап жатып көйлекті түсімде көретін болдым. Mercedes деген көлігімді алғысы келіп жүрген бір жігіт бар еді. Соған «көлігімді аласың ба?» деп хабарластым. Ол «аламын» деді. «Онда ақшамды әкеліп бер» деп айттым, - деді әнші.

Сөйтіп Мадина Сәдуақасова ақшаны Дубайға жіберіп, сол жақта тұратын достарына өзі ұнатқан көйлекті ұшақпен алдыртқан.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: