Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов 35 жастағы ауыр атлет Владимир Седовтің өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство басшысы спортшының туған-туыстарына көңіл айтты.
Бірінші кезекте, оның мықты спортшы екенін атап өткім келеді. Қазақстан чемпионаттары мен халықаралық аренадағы жарқын жеңістері тарихта мәңгі қалатыны сөзсіз.
Спортшының туған-туыстары мен жақындары қайғыра көңіл айтамын, - деді Оралов.
2008 жылғы Бейжің олимпиадасының қатысушысы, Қазақстанның төрт дүркін чемпионы Владимир Седов өз-өзіне қол жұмсап көз жұмғанын хабарлағанбыз.
Осыдан соң Илья Ильин Владимирдің туған-туыстарына көңіл айтып, бұл Қазақстанның ғана емес, спорт әлемі үшін ауыр қаза екендігін алға тартты. Ильин көптеген спортшы шынымен де көмекке мұқтаж екенін, оларға қол ұшын созуымыз керектігін алға тартты.