Мәдениет үйінің директоры Маңғыстаудағы тауға атын ойып жазған

28 Тамыз 2023, 10:21 4429

Ақтөбе қалалық зағиптар қоғамы мәдениет үйінің директоры Манас Көшербаев Ақтаудағы борлы тауға адам есімін қашап жазған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бейнематериалдан ер адам балға мен үшкір затпен ақ борлы тауды қашап, «Ақнәзік» деп жазып тұрғанын анық көруге болады. Сол әрекеті үшін Маңғыстау облыстық Полиция департаменті оның үстінен әкімшілік хаттама толтырмақ.

Ал Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисова видеодағы адам әнші, мәдениет үйінің директоры Манас Көшербаев екенін растады.

Бұл туралы желіде тараған бейнежазбаны көрдім. Расымен де ол кісі Ақтөбе облысының азаматы. Қазіргі уақытта қалалық загиптар мәдениет үйінің директоры болып жұмыс істейді. Бүгін арнайы түрде ол жігітпен сөйлестім. «Облыстың мәдениетіне нұқсан келтірдің ғой» десем, ол «жартаста дөрекі сөз жазылып тұрды. Соны түзеттім» деп отыр. Өзінің айтуынша, сол сөзді алдын ала бейнежазбаға түсіріп алмаған көрінеді. Өз еңбек демалысына шыққан. Ақтөбе қалалық мәдениет бөлімінің өкілдері дауға қалған директор жұмысқа шыққан соң тиісті шараларды қабылдайтынын айтып отыр, - деді Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасының басшысы Алтынай Юнисева. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Азамат Сарсенбаев (@azamat_sarsenbayev)

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: