Мәдениет саласында жыл жетістігі: Халықаралық марапаттар, кинофестивальдер және қазақстандық кинематографияның дамуы

27 Желтоқсан, 23:18 439

Мәдениет және ақпарат министрлігі 2024 жылғы киноиндустрия саласының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

2024 жылы қазақстандық киноиндустрия саласында маңызды жетістіктерге қол жеткізілді. Жыл бойы мемлекеттік қолдаумен 15 отандық фильм кең прокатқа шыққаны мәлім болды. Оның ішінде:

«Алма мен адам», «Жел тоқтаған жер», «Алматы, я люблю тебя», «Жизнь после», «Соңғы үкім», «Жамбыл. Жаңа дәуір», «Баурына салу», «Операция «Набат», «Shulamah», «Дала қасқыры», «Братья», «Солдат любви», «Талақ», «Мама, я живая!», «Қажымұқан» картиналары бар. 

Халықаралық жетістіктер ретінде жеті қазақстандық фильм әлемдік деңгейде 34 марапатқа ие болды. Оның ішінде «Баурына салу» фильмі «Оскар» сыйлығына ұсынылды. Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанда Қазақстан киносы күндері ұйымдастырылып, қазақстандық фильмдер кеңінен насихатталды.

Мәдени шаралар ретінде XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтті. Бұл шараға әлемдік деңгейдегі өнер және кино тұлғалары қатысты. Мұраларды сақтау бойынша Ресейдегі мемлекеттік кинофильмдер қорында сақталған 11 фильм цифрландырылып жатыр.  Сондай-ақ, Кеңес Одағында түсірілген 7 қазақстандық фильм реставрациядан өтуде.

Халықаралық ынтымақтастық ретінде Қазақстан, Франция, Нидерланды және Литва елдерінің бірлескен жобасы – «Победителей видно на старте» фильмінің түсірілімі басталды. Қазақстан Канн кинофестивалінің Marché du Film кинонарығына қатысты.

Қазақ тіліндегі фильмдер арасында «Ойжұмбақ 2», «Гадкий я 4» және «Моана 2» анимациялық фильмдері қазақ тіліне дубляждалып көрсетілген. Бұдан басқа, шетелдік фильмдерді қазақ тіліне дубляждау талаптарын жеңілдету мақсатында заңнамаға түзетулер әзірленіп, Парламентке ұсынылды.

Қазіргі уақытта Сенатта «Кинематография туралы» Заңға түзетулер қаралуда. Бұл түзетулер «Қазақфильмге» мемлекеттік қолдау көрсету мәселелерін қамтиды. Министрлік мемлекеттік тілдегі фильмдердің үлесін арттыруды жалғастыруда.

Перизат Саденова
Бөлісу: