«Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынұлы жəне Жүсіпбек Аймауытұлының мұрасы туралы» қаулысы

28 Тамыз 2014, 07:43

«Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынұлы жəне Жүсіпбек Аймауытұлының мұрасы туралы» қаулысы

Кеңес дəуірінде А.Байтұрсынұлының қысқаша өмірбаянын жазып жəне ғалымның еңбектерін ғылыми ортаға ұсынған, əрі тарихи əділ баға берген сүбелі еңбек – түрколог-ғалым А.Н.Кононовтыкі. Бұл анықтамалық сөздіктің редакциясын басқарып, кіріспе сөзін жазған. Орыс ғалымы аталмыш сөздіктегі шағын мəліметтің өн бойына барлығы – 12 сөйлемге қазақ оқымыстысының болмысын толық сыйғызған. Түркітанушы анықтамалығындағы мəліметтерді Алекторов, М.Дулатұлы, Е.Омаровтардың материалдарынан алғандығына сілтеме жасайды. Бір ғажабы, түркітанушының адам бітімінің 12 мүшемен толығатыны тəрізді, қазақ ғалымының орасан еңбегін 12 сөйлемге сыйғызған əмбебаптығына еріксіз бас иесіз. Бұл сөздіктің қазақ ғылымы үшін үлкен сенсация болғаны белгілі. Осы еңбек туралы отандық ғалымдар идеология сал- дарынан үндерін дабыра ете алмай, жасырып оқығандарын, «жинаққа» деген ризашылықтарын мұқабанының сыртын сипай-сипай білдіргендері, кешегі ҚКОК-нің «Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынұлы жəне Жүсіпбек Аймауытұлының мұрасы туралы»  қаулысы  шыққаннан  кейін  ғана  айтыла  бастады.

Алыптармен қауыштырған қаулы еліміздің өміріне, қазақ ғылымына рухани серпіліс əкелді» дейді кеңестік кезеңнің ғалымдары. 1930 жылы Мəскеудің Əдеби энциклопедиясының 1-томына А.Байтұрсынұлының қысқаша биографиялық анықтамалығы, 1931 жылы 5-томына Қазақ əліпбиі (Байтұрсын емлесі) енуі, 1974 жылы А.Н.Кононов «Байтұрсынов Ахмет Байтұрсынұлы» деген ғылыми мəлімет беруі – тарих таразысының безбенінен өткен нағыз ғалымдардың сараптаулары болатын.

Өзге ұлт өкілдері: А.Самойлович, Е.Д.Поливанов, Н.Ф.Яковлев, А.Н.Кононов, өз отандастары: М.Дулатұлы, Т.Шонанұлы, Е.Омаров, С.Сейфуллин, М.Əуезовтің мақалары А.Байтұрсынұлының өмірнамасын, шығармаларын жан-жақты танытуда негізгі дерек көзі. Демек, ахметтану, оның əдеби, ғылыми шығармашылық мұрасын таныту – ол өзі өмір сүрген кезеңнен бастау алатыны басы ашық нəрсе.

Кеңес тұсындағы əдебиеттеАлаш арыстарының мұрасын кеңестік жүйе айналып өтті деуге негіз жоқ. Өйткені, олар өз тұсында-ақ, қазақ деген ұлысты өз жерінде өгейсіткен алпауыттарға қарсы тұрған батылдығымен, төл тілімізді өрге сүйреген жанкештілігімен, мейлі «халық жауы» деген қара таңба нақақ таңылғанына қарамастан,  ел  жадында  өзгеше бір ыстық ықыласпен қалғаны анық. Ел ішінде қалған көзі ашық оқымыстылар олардың атын айналып өтуге мəжбүр болғанымен, еңбектерінің атынан да, затынан да қашпағанын, сол тұста жəне берегіректе жарық көрген кейбір еңбектерде кездестіруге болады. Мəселен, ғалым-лингвист Құдайберген Жұбанов 1933 жылы алғаш жариялаған «Политехникалық мектеп» журналының №7-8 санындағы «Қазақ тілінің ғылыми курсы» атты материалында ағартушы-ғалымның «Тіл – құрал» оқулығы туралы: «Қазақ тілін зерттеушілердің алдын Ш.Уəлиханов деп, берігіректе А.Байтұрсынов, Қ.Кемеңгеров, Е.Омаров, Т.Шонанов, Х.Досмұхамедов екендігінен мəлімет береді де, сол тұстағы қазақ тілін зерттеп танытуда А.Байтұрсынұлының дəрежесінен «əлі көш кейін жатырмыз» деп, оқытушыларды сапалы жұмыс жасауға шақырады.

"Ел - шежіре"

Бөлісу: