Маңғыстауда жол апатынан 3 адам қаза болды

28 Шілде 2022, 08:06 1531

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мұнайлы ауданында орын алған жол-көлік оқиғасынан екі көліктің жүргізушісі мен жолаушы оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды EL.KZ.

Маңғыстау облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Мұнайлы ауданы Қызылтөбе ауылында 27 шілде күні сағат 16:30 шамасында болған. 

Volkswagen Passat автокөлігінің жүргізушісі Ақтау қаласына қарай бара жатып, қарсы жолаққа шығып, Volkswagen Passat автокөлігіне жол бермей, соқтығысты. Көліктердің жүргізушісі мен бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды,- делінген мәліметте.

Айта кетейік, көлік жүргізушілерінің жанжалынан болған кісі өлімі оқиғасы да осы Мұнайлы ауданында орын алып еді.

EL.KZ
Бөлісу: