Жоба осы уақытқа дейін Қостанай, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында іске асқан.
Маңғыстауда алғаш рет "Бір ауыл - бір өнім" пилоттық жобасы жүзеге асты. Мақсат - ауылдық жерлердегі жұмыссыз отырған қыз-келіншектерді кәсіпке баулу, деп хабарлайды, EL.KZ BAQ.KZ ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Жоба осы уақытқа дейін Қостанай, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында іске асқан.
Мамандар Маңғыстауда "Бір ауыл - бір өнім" жобасын өткізу үшін Қарақия ауданы Құрық ауылын таңдаған. Себеп -бұл елдімекендегі қыз-келіншектердің жүннен бұйым жасауда базалық білімі бар, әрі бұл іске әбден машықтанған .
Жүннен бұйымдар жасап үйрету үшін Құрыққа еліміздегі "хас шебер" атымен танымал Әуес Сағынаева дәріс берді. Шеберлік сағатына 30-ға тарта қолөнерші қатысты. Қолөнерді меңгеріп кәсіп бастауға ниеттілердің бірі -Гүлбаршын Манашова . Жастайынан ине мен жіпті серік еткен оған жүнді иіріп әкету де қиынға соқпады. Бүгінгі шеберлік сағатының алғашқы күні-ақ ¤жүннен орындыққа арналған кілемше жасап шықты. Ол шеберлік сағатына жалғыз келмей келінін де ерте келген. Өйткені, кәдеге аспай жатқан қой, түйе, ешкі жүнінен түрлі бұйым жасап, отбасылық кәсіпті дөңгелетуді жоспарлап отыр. Бұл жобаның Қырғызстанда өтіп жатқанына 14 жыл. Осы уақытқа дейін 163 ауылды қамтыған. Сондықтан жоба жетекшілері сол елге барып тәжірибе жинап келген. Олар алдағы уақытта еліміздің әрі ауылында бір өнім тұрақты шығатынына сенеді.