Маңғыстауда 500-ге жуық полицей қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етті

1 Қыркүйек 2022, 20:30 1485

Бұл туралы облыстық полиция департаментінен мәлім етті

Маңғыстаудағы «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиындары оқыс оқиғаларсыз өтті. 500-ге жуық полиция қызметкері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етті. Бұл туралы облыстық полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды El.kz.

«Бүгін 100-ден аса жалпы білім беретін ұйымда оқу жылының басталуына арналған «Алғашқы қоңырау» салтанатты іс-шаралары өткізілді. Бұл күнде 500-ге жуық қызметкер қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Сонымен қатар, мектептерге жақын орналасқан 79 автопатруль жол полициясы нарядтарының бағыттары жолдағы жағдайды бақылауда ұстады. Дәстүрлі түрде балалардың жүріс бөлігінде қауіпсіз жүріс-тұрысы бойынша іс-шаралар өткізілді. Білім беру ұйымдарына жақын орналасқан жаяу жүргіншілер өткелдерінде полиция қызметкерлері тұрды», - делінген мәліметте.

Облыс бойынша іс-шара ешқандай оқыс оқиғасыз, бірқалыпты жағдайда өткізілді. Мектеп оқушыларының жол-көлік оқиғаларына түспеді және заң бұзушылықтар болған жоқ.

Бөлісу: