Мақтаарал тұрғыны ауласынан адам сүйегін тауып алды

1 Шілде 2022, 23:11 1650

Полицейлер 1,5 метр тереңдіктен табылған адамның бас сүйегі мен ұсақ сүйектерін алып, сараптама тағайындады.

Жергілікті тұрғын ауласынан әжетхана қазып жатқанда белгісіз адамның бас сүйегі шыққан, деп хабарлайды Еl.kz Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабар берген. Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер 1,5 метр тереңдіктен табылған адамның бас сүйегі мен ұсақ сүйектерін алып, сараптама тағайындады.

«Аталған жайт ҚР ҚК-нің 001-бабымен тіркеуге алынды. Осы бойынша ауыл үлкендері мен жалпы тұрғындардан мән-жайды сұрастырдық. Өз кезегінде бірнеше тұрғын бұл жер осыдан шамамен 50-80 жыл бұрын мазарат болғандығын көрсетті. Қазіргі таңда учаскелік полиция инспекторлары жергілікті тұрғындарға қосымша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр», – делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Бөлісу: