31 Шілде 2014, 05:25
1. Жалқаулықпен күреспеу керек. Сіз жалқаулықты ешқашан да жеңе алмайсыз. Ұйқыдан оянған сәтте «енді 5 минут жата тұрайыншы» деп басталатын жалқаулық, күні бойы Сіздің жаныңызда жүреді, қит етсе «ой, қойшы...» деп басталатын жалқаулық Сізді аңдып жүреді. Жарайды, бір күн жалқаулыққа бой бермедіңіз, бір ай... бір жыл... ақыр соңында Сіз шаршайсыз, шалдығасыз, сол сәтте ол мойныңызға шығып алады. Сондықтан, онымен ымыраға келіңіз. Аптаның бір күнін жалқаулыққа қалдырыңыз да, қалған күндерін өзіңізді алдын-ала ойша, еңбекке даярлаңыз.
2. Уақытыңызды тиімді пайдаланыңыз. «Екі кеменің құйрығынан ұстаған суға кетеді» деген қанатты сөз Сіздерге арналмаған. Атақты Цезарь бір мезетте үш нәрсені жасай алған. Тыңдап, жазып және сөйлесіп отырған. Ондай қабілетті кез-келген адам қалыптастыра алады. Әрине, егер өзі қаласа. Сағаттап емес, секундтап ағып өтетін жұмыс күнін мейлінше тиімді пайдалану үшін алдын-ала жоспар құрып алыңыз, ал кез-келген күтпеген жайлардан өзіңізге тиімді тұстарын көріңіз.
3. Алға қойған мақсатты шын пейілмен қалау керек. Оны күніне бірнеше рет ойлап, сол бағыттағы қол жеткізген қадамдарыңыз туралы өзіңізге есеп беріп отырыңызжәне мақсатыңыздың орындалу мерзімін бекітіңіз.
4. Әрбір нәрседен сабақ алыңыз. Айналаңыздағылар мен өзіңіздің басыңыздан өткерген жайттардан сабақ алып, түйін жасай біліңіз. Әйлігі жазушы Пауло Коэльо «әрбір шайқас, тіпті жеңіліс бір нәрсені үйретеді», дейді. Өткенге өкінбеңіз, өткен іске анализ жасап, сабақ алыңыз.
5. Өзіңізді құрметтеңіз. Денсаулығыңыздан бастап, жүріс-тұрысыңызға, киім киісіңізге аса зор мән беріңіз. Ол сіздің иммиджіңіз. Ең қомақты жалақы алатын адамдардың бірі иммидж-мейкерлер. Иммидждің маңызды екенін осыған қарап та білуге болады. Сондықтан Сіздің иммиджіңіз Сіздің қандай тұлға екеніңізден ақпар береді.
6. Білімге құштар болыңыз. Жаңалықтар тыңдап, газет-журналдар оқуды әдетке айналдырыңыз. Үнемі жаңа нәрселерді үйренуге ұмтылыңыз. Шет тілдерін үйрену, жаңа тағам жасап үйрену және тағысын тағы.
7. Ақшаны үнемдеп жұмсаңыз. Бір жылдан бастап екі-үш жылға дейінгі бюджетіңізді құрыңыз. Әр айдың соңында өзіңізге есеп беріп, артық жұмсаған кездеріңзді ескеріңіз.
8. Таңертеңгісін оянған сәттен бастап, осы өмірді сыйлаған жаратушыға шүкірлік айтып, жаңа күнді көтеріңкі көңіл күймен бастаңыз және күні бойы жарқын жүріңіз. Бастапқы кезде қиындау көрінгенімен, ақырындап ол өзінен-өзі автоматты түрде әдетке айналып кетеді.
9. Ешқашан да ұнжырғаңызды түсірмеңіз. Оптимист болыңыз. Тек өлгендер ғана бұл фәниден үмітсіз, сондықтан тірі екеніңізді сезініп, алға ұмтылыңыз.
10. Ал, оныншы тәсіл Сіздің ойыңызша не болу керек?