Мәжілісмен Шаймардан Нурумов Алматы қаласының этномәдени басшыларымен кездесті

22 Қаңтар 2020, 12:58 2743

Парламент Мәжілісінің депутаты Шаймардан Нурумов Алматы қаласының Достық үйінде жұмыс сапарымен болып қайтты. Мәжілсмен Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығына төрағалық етеді. Сол себепті де этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенділерімен кездесуге ерекше көңіл бөлінді.


Кездесу барысында Шаймардан Усаинұлы Парламент пен оның комитетінің жұмысы туралы, Парламент пен топ әзірлеген заң жобалары туралы егжей-тегжейлі айтып, жиынға қатысушылардың ұсыныстарын қабылдады. Халық қалаулысы өз сөзінде бүгінгі таңда білім беру саласындағы проблемаларға ерекше назар аударды.

Кездесу жыл бойы өзін ерекше көрсеткен белсенділерге Алғыс хаттар табыстауымен аяқталды.


Бөлісу: