Мәжіліс энергия үнемдеу туралы заң жобасына Сенат енгізген өзгерістерді қабылдады

22 Маусым 2022, 11:18 928

Өзгерістерді Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі, депутат Дүйсенбай Тұрғанов таныстырды.

Мәжіліс энергия үнемдеу туралы заң жобасына Сенат енгізген өзгерістерді қабылдады, – деп хабарлайды El.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жер қойнауын пайдалану, жергілікті мемлекеттік басқару және мемлекеттік шекара мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасына Сенат енгізген өзгерістер мен толықтыруларды қарады. Құжатқа енгізілген өзгірестерді Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі, депутат Дүйсенбай Тұрғанов таныстырды.

Құжатта пәтер иелері кооперативтері мен кондоминуимдардың орнына мүлік иелері бірлестіктері (МИБ) мен жай серіктестіктер (ЖС) қызметін енгізу шарасын келесі жылға қалдыру ұсынысы бар.

Аталған өзгерістер мен толықтырулар енгізілген қаулыны Мәжіліс депутаттары бірауыздан қабылдады.

Сондай-ақ палата төрағасы Ерлан Қошанов Үкіметке Мәжілісте қаралмаған кейбір нормаларды Сенатқа апарып, қайта алып келуді доғару керектігін ескертті. Бұған дейін Сенат энергия үнемдеу туралы заң жобасын Мәжіліске кері қайтарған болатын.

Бөлісу: