Мәжіліс депутаттарының облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелерімен кездесуі

30 Наурыз 2018, 05:19 1812

29 наурызда Достық үйінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарының облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелерімен кездесуі болып өтті. Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Владимир Божко, Наталья Жумаділдаева, Абзал Ералиев, Балайым Кесебаева, Кеңес Абсатиров, облыстық ассамблеяның мүшелері, облыстық ҚХА ғылыми сарапшылық тобының және жастар қанатының мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов отырыс модераторы ретіндегі алғы сөзінде: «Қызылорда облысы тұрғындарының атынан алдағы жұмыстарыңызға сәттілік пен алғыс білдіреміз. Өңіріміздегі этномәдени бірлестіктердің ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен бұл кездесуінде облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының жұмыстарына жаңаша серпіліс  әкелеріне сеніміміз мол. Облыстық ҚХА мүшелері мен халық қалаулыларының арасында сындарлы байланыс орнайтынына сенеміз», - деді.

Шара барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары, «Қазақстан орыс, славян, казак ұйымдары ассоциациясы» заңды тұлғалар ұйымының төрағасы Божко Владимир Карпович, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Жұмаділдаева Наталья Васильевна, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, облыстық «Славяне» қоғамдық-мәдени бірлестігінің жетекшісі Щербакова Галина Сергеевна сөз сөйледі.

Кездесу сұрақ-жауаппен жалғасын тауып, модератордың отырыс қортындысын шығаруымен аяқталды.

 

Бөлісу: