31 Шілде 2014, 06:40
– Сiз əдебиет табалдырығын аттағалы берi де жетпiс жылға жуық уақыт болып қалыпты. Осы жылдар аралы-ғында Сiздiң алпыстан астам кiтаптарыңыз жарық көрiптi. Кейде жылына 3 – 4 кiтаптан шығарып тұрыпсыз. Соған қарағанда уақытты ұтымды пайдаланғансыз-ау, шамасы?
– Менiң ең алғашқы өлеңiм 1939 жылы жарық көрген бола-тын. Сол жылдан бастап санасаңыз, 65 жыл болады. Бұл – бiр. Екiншiден, алпыс кiтап емес, елу кiтап. Журналистердiң «ал-пыс кiтап» деп жүргенi, ол – аудармаларды, қайта басылған кiтаптарды қосқаны. Əйтпесе, менi зауыт дейсiздер ме?! Ендi уақытты тиiмдi пайдалану жөнiнде... Мен əскерде жетi жарым жыл жүрген қазақпын. Соғыс аяқталған соң, резерв полкiндегi танкист-офицерлерге сабақ берiп жүрдiм. Солардың iшiнде менен басқа 44 қазақ офицерi болды. Бiр күнi Мəскеуден Ман-дат комиссиясы келiп, сол 44 қазақ офицерiн елге қайтарды да, қырық бесiншi – «сорлы» Əлiмбаевты алып қалды. Əлгi Мандат комиссиясының төрағасына: «Мен əдебиетке құмар адам едiм. Менi əскерден босатыңыз» дедiм. Сөйтсем ол: «Ты не рыпайся. Сен секiлдi сауатты офицер əскерге де керек» деп рұқсат бермедi. Содан 25 жасқа толғанда Қазақ өкiметiнiң сұранысымен əрең дегенде əскерден босап келдiм. Сол кезде менiң құрдастарымның не бiр, не екi кiтабы шыққан екен. Сыбағасынан құр қалған адамдай мен де əдебиетке жанталаса араластым. Iле «Жастар даусы» деген ұжымдық жинаққа өлеңдерiм ендi. Сол жинаққа байланысты Қасым Аманжоловтың «Социалистiк Қазақстан» газетiне сын мақаласы шықты. Осы мақалада Қасым менiң 4 – 5 өлеңiмдi мақтады. Ол мақтауды мен Қасымнан бата алғандай қабылдадым. Содан кейiнгi ең алғашқы жинағым 29 жасымда шықты. Екiншiсi – «Құрбыма» деп аталатын. Көп ұзамай, Тəкен Əлiмқұлов «Қазақ əдебиетi» газетiне «Сын көрмеген творчество» деген үлкен мақала жазып: «Əлiмбаевтың тiлi – кедей, жарлы, күйкi» деп кекесiнмен сынады. Оның үстiне, өзiм аға тұтып жүрген ақын досым Қайнекей Жармағанбетов «Литературная газетада» сын жариялап: «У Алимбаева топорный язык» деп сой-ып салды. Бұл – екi сын мақала да менiң пайдама шешiлдi. Мен қатты ызаландым да халық ауыз əдебиетiн, фольклорын, батырлар жырын, сосын маған сенетiн ағаларымның сандығындағы Мағжан, Шəкəрiмдердi оқыдым. Бiлiмiмдi жетiлдiрдiм. Қазiр бiреуi: «Əлiмбаев тiл бiлмейдi» десе, аузы қисайып кететiн шығар. Өйткенi мен содан берi қазақ халқына қазақ тiлiн үйретiп келе жатырмын. Мен күнiне 14 – 15 сағат жұмыс iстеймiн. Көбiне оқимын. Мiне, мына үстелдiң үстiнде жатқан бүгiнгi газеттер. Оның iшiнде «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш», «Казахстанская правда», «Ұлан», тiптi Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы», тағы басқа басылымдар бар.
– Қаламгерлер қауымы тартымды да татымды туынды оқыса: «Шабытты кезде жазылған екен» деп жатады. Сiз де қолыңызға қаламды шабыт келген уақта аласыз ба? Жалпы, шабыт туралы не айтасыз?
– Денi сау ақынның шығармаларын шабыт келген кезде жазғаны дұрыс. Еуропаның бiр ақыны: «Күнiне бiр ауыз сөз жазбасам, уақыттың текке кеткенi» деген екен. Бұлай қарауға болмайды. Айтар ойың əбден пiскен, шабыт келген кезде ғана қағазға түсiру керек. Ал «Қайткен күнде де күнiне бес бет жа-замын» деу – зорлық болады. Мұндай жазушылар əлi де бар. Ондай дүниелер дəмдi, татымды, құнды болып шықпайды. Мен кейде ең соңғы шумақты, түйiндi тұжырымды тауып алып, со-нан соң барып жазуға отырамын. Егер ондай маңызды тұжырым табылмаса, өлең жазбаймын. Менiң өлеңдерiм өте қысқа қайы-рылады. Тiптi «Қазақ поэзиясын көп сөздiлiктен құтқарған Əлiмбаев» деген де пiкiрлер болды. Өлеңнiң шымыр келгенi, ойы жаңа болғаны абзал. Мен жастайымнан мақал-мəтелдердi, жұмбақтарды, жаңылтпаштар мен нақыл, қанатты сөздердi жинағанды ұнататынмын. Ал мақал-мəтел шымыр сөйлеуге үйретедi. «Жетiсу» газетi Батыстың бiр жазушысы «О» əрпiнен тұратын 48 мың сөздiң басын қосып, кiтап етiп шығарғаны жөнiнде жазыпты. Ал оны Сəбит Дөнентаев баяғыда жазған. Мы-салы: «Қамалған қараңғыда қалың қазақ, қайратсыз қапылыста қалдың қазақ» деп келетiн тек 89 «Қ» əрпiнен тұратын өлеңi бар. Еуропадан бiреу шықса: «Керемет» деймiз, ал өзiмiздiң ғаламаттарымызды елеп-ескермеймiз. Есесiне, ағылшынның ханы қай күнi түшкiргенiн бiлемiз.
– Сiздiң мақал-мəтелдердi аударып жүргендiгiңiзден де хабардармыз. Осы аударма жөнiнде де пiкiрiңiздi бiл-дiрсеңiз?
– Батыста «Өлең, мақал-мəтел аударылмайды» деген қағида бар. Ендi мына қызықты қараңыз. Менiң «Таз таранғанша той тарқар» деген мəтелiм бар. Осыны «Олжас Сүлейменов орысшаға аударыпты» деп жүр бiреулер. Оны Олжас емес, Əлiмбаевтың өзi аударған. Қазақшасы төрт «Т»-дан тұрады ғой. Оны орысшаға бес «П»-мен аудардым. Қараңыз: «Пока плеши-вый прихорошивается пир пройдет». Қазақшасын да, орысша-сын да бейнебiр сөздiктен терiп алғандай əсерде боласыз. 1972 жылы Венгрияға бiр əдеби жиынға бардым. Бiр кезде төрт тiлдi терең меңгерген 65 жастағы поляктың профессоры: «Бiздiң ара-мызда бiр ғажап адам отыр. Бiз «Мақал-мəтел аударылмайды» деп жүрсек, ол ондаған халықтың мақал-мəтелдерiн аударып жүр. Ол – Қазақстанның өкiлi, ақын Əлiмбаев» дедi. Мұндай марапатты күтпеген басым, күлiп жiбердiм. Арнайы дайындалып келмесем де көсiле жөнелдiм. «Дүние жүзiнiң халықтарының бiр затқа, бiр құбылысқа өзiнiң ұлттық көзқарасымен қарайды да өзiнше өрнектейдi. Мысалы, сараңдық. Қазақтар: «Қубастан қуырдақтық ет алған» дейдi. Ал ендi орыстар: «Зимой снег не выпросишь» дейдi. Жапондар: «Тегiн берсең, уды да iшiп қояды» десе, кəрiстер: «Тұмауын да қимайды» дейдi. Мұның бəрi шегiне жеткен сөздер» деп айтып келiп, кей мақалдарды сол жерде аударып та бердiм. Барлығы өз аудармашылары арқылы түртiп алып жатыр. Негiзi, менiң өлеңдерiмнiң iшiнде нақылға ұқсас жолдар мол. Оны халық жаттап алып та жүр. Ал нақылдарды мен оқыс шығарамын. Тiптi, түсiмде де өлең жазған кездерiм болды. Сол əдет əлi күнге дейiн жалғасып келедi. Қазiр менiң үш жарым мыңдай нақылдарым бар.
– Қарап отырсақ, əдебиет пен журналистиканың барлық жанрында қалам тербепсiз. Сiз жазбаған, игермеген жанр бар ма?
– Мен – көтере алмайтын шоқпарды белiме байламайтын адаммын. Мəселен, 1957 жылға дейiн поэма жазған жоқпын. Повесть, роман жазуға да ұмтылмадым. Бiреулер бiрден роман жазып, осы күнге дейiн жетiстiре алмай жүр. Ал кейбiреулер өзiнiң өмiрбаянын жазумен шектеледi. Жазушы болу үшiн өмiрдi бiлiп, болашақты болжай бiлген абзал. Қазақ – сорлы халық емес. Айталық, адамзаттың аяғын жерден айырып, жоғары көтерген кiм? Ол – Ғұндар. Аттың үстiне ер-тоқым, аузына жүген салып, бүкiл Батыс Еуропаға атты əскермен барған да солар. Тiптi, ағылшындарды да түгел жаулап алған ғой. Сосын қазақ халқының 600-дей эпосы, заңды түрде тiркелген 7 мыңдай күйi мен 8 мыңдай əнi бар екен. Бұл құр жорамал емес. Нақты факт. Қазақ академиясы əлгi эпостарды басып шығара алмай, пұшайман күй кешiп жатыр. Осындай əншi, күйшi халықты жер бетiнен тауып көршi. Бiз осы уақытқа дейiн «Қазақтар-дың 40 %-ы ғана қазақ тiлiн бiледi» деп келдiк. Ал бiр немiс ғалымның зерттеуiнше, қазақтардың 80 %-ы қазақ тiлiн бiледi екен. Бұл туралы журналист Ғалым Боқаш «Қазақ əдебиетi» газетiнде жазды. Мен сондай риза болдым. Мына қызықты қараңыз, Польшаның бiр университетiнде қазақ тiлiн оқытады екен. Ал Венгрия университетiнде, тiптi қазақ тiлi кафедрасы бар. Сондықтан «Қазақ тiлi өшiп бара жатыр» деп байбалам салудың қажетi жоқ.
– 1970-1980 жылдары балалар əдебиетi қарқынды да-мыды десек, ақиқат ауылынан алыстай қоймаспыз. Қазiр керiсiнше құлдырау кезiнде тұрған сияқтымыз. Мұның себептерiн қайдан iздеуге болады?
– Ол жылдары əдебиетке, əсiресе балалар əдебиетiне Үкiмет тарапынан қамқорлық мол болатын. Əдебиетке жаңа келген жас ақын-жазушыларға əдебиет қорынан ақша беретiн. Ал жаңа үйленген жас жұбайларға сол кездегi ақшамен 2500 сом қаржы берушi едi. Бұл – Мемлекеттiк сыйлықтың қаржысымен пара-пар. Сосын ел аралататын. Тəулiк шығынымызға 15 сом бөлетiн. Оны бiр күнде жаратып, тауыса алмайтынсың. Ал басқа қызметкерлер 2 сом 60 тиын алатын. Жыл сайын курортқа жiберетiн. Ауырып қалған қаламгерге бюллетень ашып, айлық төлейтiн. Бұл – жалпы жазушыларға деген қамқорлық. Ал балалар əдебиетiнiң қаламақысы басқа əдебиетке қарағанда əлдеқайда артық болатын. Мен «Пионер» журналында қызмет iстеп жүргенде 1200 сом жалақы алатынмын. Əдебиетке құрмет деген осылай болса керек едi. Ол кезде балалар баспасы болатын. Жас ақын-жазушылардың шығармаларын тəжiрибелi редактор өңдеп, өндiрiске жiберетiн. Мақтанғаным емес, республика бой-ынша балалар əдебиетiнен Мемлекеттiк сыйлық алған менмiн. Қазiргi балалар əдебиетiн шығаратын баспалар менiмен хабар-ласпайды да. Бұл – менiң қадiрiмдi бiлмейдi деген сөз. Құдайға шүкiр, менiң шығармаларым тек қазақ емес, орыс оқулықтарына да енген. Тiптi, 4 сыныпқа арналған орыс тiлiндегi оқулықта 8 өлеңiм жүр. Мен – мұғалiммiн. Педучилище бiтiргенмiн. Өзiм мұғалiмнiң баласымын. «Балдырған» журналын басқарып тұрған кезiмде мектептiң оқу бағдарламасын алдырып, балаларға не керек, қай тақырыпта, қай жанрда шығарма жазу керек, соны зерттеп барып, туынды жазатынбыз. Мысалы, «Стюардесса» сөзiн балалар түсiнбейдi. Соған орай «Аспандағы əпке» деген өлең жаздым. Осы тақырыппен кiтап шығардым. Сол үшiн мен Мемлекеттiк сыйлық алдым. Ал қазiргi балалар əдебиетiнiң құлдырап кетуi – осы əдебиетке деген қамқорлықтың жоқтығы. Əйтпесе, бiзде балаларға арнап жазатын жақсы ақындар бар. Мысалы, Өтепберген Ақыпбеков – қазiргi балалар əдебиетiнiң ең үздiгi. Ал Қадыр Мырзалиев – балалар əдебиетiнiң классигi.
– «Қазығұрт» баспасынан он бес томдық шығармалар жинағыңыз жарық көргелi жатыр екен. Бұл Сiздiң осы уақытқа дейiн бар жазған-сызған дүниелерiңiз бе, əлде таңдамалы деп қабылдағанымыз жөн бе?
– Сен менiң «жарамды» қасып отырсың. Əзiрге дейiн бiрiншi томы шықты. Қалған томдарды шығаруға қаражат табылмай отыр. Халықтың рухани байлығын молайтуға зор үлес қосып жүрген Иманғали Тасмағамбетов Павлодар облысының əкiмi Қайрат Нұрпейiсовке тапсырма берген екен. Қайрат тура-лы да жылы сөздер естимiн. Көзi ашық, көкiрегi ояу азамат көрiнедi. Үмiтiм бар. Алла жазса, жарық көрiп қалар. Ал бұл көптомдықтарды таңдамалы деп түсiнсеңiздер, шатаспайсыз-дар. Бiрақ бiз қол қусырып қарап отырған жоқпыз. Бiз деге-нiм – «Қазығұрт» баспасының президентi Темiрғали Көпбаев. Ол өзi жақсы ақын жiгiт екен. Екеумiз басқа да жол қарастырып отырмыз. Негiзi, осы көптомдықты шығаруды да қолға алған сол – Темiрғали едi. Аяқсыз қалдырмас.
– Қай уақытта жазғанды ұнатасыз?
– Бұрын жұмыстан келген соң, ас-суымды iшiп, бiрер сағат мызғып алатынмын. Содан соң түнжарымға дейiн жазатынмын. Кейде «жазамын» дегенiмдi жаза алмай, басқа шығармалар туып кететiн. Творчествоның сыры деген – осы. Қазiр таңертең тұра алмаймын. Түн мен күнiн ауыстырған бала секiлдiмiн. Түнде 11-лерде жатамын. Екi-үшке дейiн ұйықтай алмаймын. Басымда шамым, жанымда үстелiм, қалам-қағазым бар. Үстелдiң үстiнде 2 – 3 кiтап жатады. Бiрiнен жалықсам, екiншiсiн оқимын. Сөйтiп жатып ой туса, түртiп қоямын. Бұл – менiң күнделiктi əдетiм.
– Сiздi «Күнделiк жүргiзедi» деп те естимiз. Оны қай уа-қыттан берi жазып келесiз? Онда күнделiктi күйбең тiршiлiк жазылмаған болар?
– Бұрын үш күнделiк жүргiзетiнмiн. Бiрiншiсi – Тұрмыс, екiншiсi – Көңiл, яғни əдеби, үшiншiсi – Болашақ күнделiгi. Негiзi, зердеге сенуге болмайды. Қашанда күнделiкке түртiп отыру керек. Басқаларға да күнделiк жазуға кеңес берер едiм. Егер «Көңiл күнделiгiмнiң» басын қосып, басып шығарар бол-са, үш том болып қалады. Бұл Көңiл күнделiгiне не жазамын? Мысалы, «Əсет Найманбаевтың əйгiлi «Iнжу-маржан» əнiнiң қайырмасында «Ал көрiнген көркiңдi-ай» деген жол бар. Зия-лы кiсiлерден сынамаққа сұрап көрiп едiк, «Мiне ендi көрiнген кейпiң» дегенi ғой» дейдi. Ал түбiне үңiлсек бұл – «жарқырап, жайнап, шұғыла шашып жарқ еткен» деген мағына болса ке-рек. Өйткенi, «Ал» деген сөз – қызылды бiлдiредi, отты айта-ды. Орыстың «Алый» деген сөзi бар емес пе?! «Алые знамя», «Алые заря» дейдi. Қазақшасы – қызыл таң. Жалпы, орыстарға «алый» деген сөз түркi тiлiнен енген. Осындай сөздердiң түбiрiн анықтап, дəлелдеп беру – болашақ ұрпақ үшiн өте пайдалы.
– Қаламгерлердi қоғамнан бөлiп қараудың өзi арсыздық болар едi. Қазiргi заманға, саясатқа, жалпы қоғамның даму барысына деген ой-пiкiрлерiңiзбен бөлiссеңiз.
– Қазiр Қазақстан дұрыс жолмен келе жатыр. Ал оппо-зиционерлердiң iшiнде қисық-қыңырлар көп. Менiң «Саясат мəселесi – парасат бəсекесi» деген нақылым бар. Егер сен ақылды болсаң, Үкiметтiң бағдарламасынан асып түсетiн бағдарлама жаса! Сынау – кез келген партияның қолынан келедi. Басқа партияларға қарағанда, менiң бүйрегiм бұратыны – Ақжол. Ақжол əлдеқайда ақылды жəне тапқыр. Анау Əлихан Байме-новтер сұңғыла жiгiттер. Ал Қазақстанның мерейi артқаны сон-дай, қазiр бiздiң елге бүкiл ғаламшар көз тiгiп отыр. Бұрынғы ТМД мемлекеттерiнiң iшiнде Қазақстанның əлеуметтiк жағ-дайы өте жақсы. Басқа елдерде қан төгiлiп жатыр. Жүзден аса ұлттың өкiлдерi тату-тəттi ғұмыр кешiп жатыр. Герольд Бель-гер – қазақтың белдi патриоты. Мен оған арнап өлең де жазғам. Я болмаса Асылы Османова, Надежда Лушникова, жапондық Ямото Руджилердi алыңыз. Олардың барлығы елiмiздiң бiрлiгi, ынтымағы үшiн тер төгiп жүрген жоқ па?!
– Əңгiмеңiзге рақмет.