5 Қараша 2015, 03:29
3 қарашада Мәскеуде Соғыстар ардагерлері және Қорғаныс Күштерінің сарайында Абай Құнанбаевтың 170-жылдығына және М. Ю.Лермонтовтың 200-жылдығына арналған «Времен связующая нить» атты әдеби-әуенді кеш өткізілді. Бұл туралы Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің баспасөз-қызметі хабарлап отыр.
Іс-шараны «Мәскеу қаласындағы Қазақ ұлттық-мәдени автономиясы» Аймақты қоғам ұйымы «Естелік» Коммерциялық емес ұйымымен бірлесіп Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің жәрдемімен ұйымдастырды.
Әдеби кешті бастау сөзінде Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің кеңесші-уәкілі Виктор Темірбаев жоғарыда аталып кеткен ұлы ақындар арасындағы терең рухани байланыстарға сілтеме жасалған Мұхтар Әуезов айтқан сөздерін келтірді.
«Абай Лермонтовтың өлеңдерін өте мұқият әрі ерекше махаббатпен аударған. Мәселен, «Қанжар», «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз», «Теректің сыйы», «Желкен» және «Шайтан» атты өлеңінен үзінділер қазіргі кезге дейін орыс классиктердің қазақ тіліне шеберлі аудармалардың қатарында майталман аудармалар болып қалуда», — деген Әуезовтың сөздерін қазақ дипломаты қайталап айтты.
Сондай-ақ, В. Темірбаев жиналған қауым алдында биылғы Ресейдегі Әдеби Жылы Қазақстан және Ресей арасындағы әдеби байланыстарының анағұрлым кеңейгеніне назар салды. Және бұл кеш екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы маңызды іс-шараларының біріне айналғанын мәлімдеді.
Әдеби-әуен кешінде М. Лермонтов атындағы қорының өкілі, РФ Жазушылар одағының мүшесі Ирина Ушакова, Қазақстан Республикасының Халық әртісі Тілектес Мейрамов және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Ерлан Біләл қатысып өтті.
Ерлан Біләл осындай әдеби кештер қазақ өлең-жырларының қадірлеушілері үшін, және олардан бұрын — шет елдерде тұрып жатқан отандастарымыз үшін, аса маңызды деген пікірін айтты.
— Бүгінгі кеште Ресей көрермендері Абай және Лермонтовтың ұлы шығармаларының театрландырған қойылымдарын көріп шықты. Менің ойымша, қойылымдар ақындар өлеңдерінің шеберлігін тереңірек сезуге мүмкіндік береді. Әрине, халықтың көбісі Абайды және Лермонтовты кезінде оқыды, алайда қазіргі жас ұрпаққа өлең-жырды жарқын ойын-сауық және актердың тірі сезімі арқылы тануға әлде қайда қызықты, — деді Е. Біләл.
Қазақстанның халық әртісі Тілектес Мейрамов кешке келген жергілікті көрермендер Абайдың шығармашылығына көрсеткен құрметіне жоғары бағасын беріп, қазақстандық әртістерінің қатысуымен осындай әдеби кештер жие өткізіле беретініне ниет білдірді.
— Осындай маңызды іс-шаралар тек Ұлы Абайдың және қазақ мәдениетінің мұрасын ресейлік көрермендеріне жеткізу үшін қана емес, қазақ және орыс мәдениеттерінің бір-біріне жақындасуы, өзара сіңісуі үшін де қажет, — деді Т. Мейрамов.
Ардагерлер сарайының сахнасында екі ел кәсіби әртістері, олардың арасында: Елена Шарма ханымның көркем басқаруымен Орыс императорлық музыкалық қоғамының камералы ансамблі, фортепианолық ағайынды дуэт Вероника және Светлана Аптекарь-Айнагуловтар, Қазақ ССР-дың мәдениет қайраткері Татьяна Полтавская, Мәскеулік Камералы Опералы театрының бас әншісі Амаль Джумабекова, әнші Ержан Нұрғалиев, сондай-ақ мәскеудегі жоғары оқу орындарының студенттері, өз өнерін көрсетті.
Концертті Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Ресейдегі ТМД елдері елшіліктерінің, Мәскеу қаласының ұлттық автономияларың өкілдері, Қазақстаннан келген құрметті қонақтар, жастар мен мектеп оқушылары тамашалады.
Әзірлеген: Досжан Мейірім