Мұнай бағасы түсті

4 Тамыз 2022, 14:24 1397

Mұнай бағасының төмендеуіне ОПЕК+ ұйымының АҚШ-та мұнай қорын арттыру және өндірісті ұлғайту туралы шешім ықпал еткен

Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 98 долларға дейін түсті, деп хабарлайды El.kz MSN-ге сілтеме жасап.

Сарапшылардың мәліметінше, мұнай бағасының төмендеуіне ОПЕК+ ұйымының АҚШ-та мұнай қорын арттыру және өндірісті ұлғайту туралы шешім ықпал еткен.

«Interactive Investor» инвестициялар бөлімінің басшысы Виктория Шолар мұнай шамамен 2%-ға күрт төмендегенін және Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 98 долларға жеткенін хабарлады.

Мұнай құнының төмендеуіне бірқатар фактор әсер етті. ОПЕК + өндірісті күніне 100 мың баррельге минималды ұлғайту туралы шешім қабылдаған, ал ұсыныстың аздап өсуі бағаны төмендетудің катализаторы болды. Сауд Арабиясы мен БАӘ мұнай өндіруді шынымен арттыра алатын жалғыз өндірушілер.

Сонымен қатар Энергетикалық ақпарат басқармасының мәліметтері (EIA, АҚШ федералды статистикалық жүйесінің құрамындағы тәуелсіз агенттік) өткен аптада АҚШ-тағы шикі мұнай қоры күтпеген жерден 426,55 миллион баррельге өскенін көрсетті. Нәтижесінде Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 100 доллардан төмендеді.






Бөлісу: