Мұхтар Шахановтың «Отырар » поэмасынан үзінді (сабақ жоспары)

18 Қаңтар 2015, 11:06

Мұғалім күнделігінен

 

Жалпы мақсаты: Елжандылық идея. Өлеңдегі  Қайырхан, Шыңғыс хан образы. Шығарманы талдау адамгершілік қасиеттерді ашып көрсету.

Күтілетін нәтижелер: Өз ойын еркін жеткізеді. Оқушының мәтінді толық меңгергенін анықталады.Сөздік қоры дамиды. Сөйлеу мәдениетін шыңдалады.

Сабақ түрі Бекіту сабағы

Тапсырмалар Венндиаграмма, cемантикалық карта, мінездеме беру, көгершіннің келуі/әзір сұрақ, шұғыл жауап//диалогтік оқыту/

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

  Смайликтер  арқылы топқа бөлу.

Біз бағаланамыз егер....

      Шығарманы толық білуіміз шарт .Сұрақ-жауапқа  белсенділік танытсақ;

      Айырмашылықты ажырата алсақ;

      Салыстыра, дәлелдер келтірсек;

      Ұтымды жауап, терең ой білдірсек;

 

 Ой елегінен өткізеді.

ассосация

Тұсаукесер

  Ой  шақыру    «ХАН»   1 балл 5 мин    1 балл

-          Олай болса,бүгінгі бекіту сабағымыздағы  Мұхтар Шахановтың «Отырар » поэмасындағы хандар туралы не білеміз?

Талдау

салыстыру

Негізгі бөлім

Кубизм стратегиясы бойынша  мәтінді толықтай талдау жұмысы жүргізілді.

1-      Суреттеу. Поэмадағы отқа оранған Отырардың суреттелуі

2-      Мінездеу. Концептуалдық кесте толтыру. /Шыңғысхан, Шағатай, Қайырхан, Қарашоқы/

3-      Сұраққа жауап. Басқа топтың оқушылары сұрақ қояды.

4-       Салыстыру. Қайыр хан мен Шыңғыс ханды салыстыру.

5-      Үзінді айт. /Қалаған жерінен үзінді айту/

6-      Шешендік сөздер. Поэмадан келтіру.  2 балл15мин

«Жедел сұрақ, әзір жауап»Көгершіннің  келуі /сұрақ-жауап/ -Ненің суреті?

-Қандай құс?

-Неге келді деп ойлайсыз?

-Бүгінгі сабағымызға қатысы бар ма?

- Бар болса неге?

-Не әкелді деп ойлайсыз?

- Калай ойлайсыз көгершіннің тапсырмалары жеңіл болуы мүмкін бе?

Жауап беруге дайынсыз ба?

I - тапсырма                        1 балл

  1. «Отырар » поэмасы кімнің шығармасы?
  2. « Осал тұсы » сөзі шығармада қандай мағынада қолданылып тұр.
  3. «Тірі өлік» сөзінің  мағынасын ашыңыз?
  4. «Безбүйрек» сөзінің мағынасын ашыңыз?

II- тапсырма                           2 балл

1.Ұлы ханым!

Әділдікпе мұныңыз?

Өле-өлгенше боп өтейін құлыңыз?

Отырарды мен қол ұшын бермесем,

Оңай жаулап алар ма еді ұлыңыз? Кімнің сөзі?

2.-Иә қоштасар келді күн.

Азбан Шыңғыс ел тарихын қорлады-ау!

Ойлап тұрсаң, енді бәрі арман-ау!

Отырардың жан қиярлық ерлігін

Жыр ететін әттең ақын қалмады-ау! Кімнің сөзі?

3.Өкінгенмен болмайды,

Ешкімге де берілмейді бас сауға.

Бұйрық еттім түгел қырып тастауға-

Отырарда еркек кіндік қалмайды!

 Кім айтқан еді?

4.- Жылан туса жыланнан,

 Құлан туса құланнан,

Таңданатын түкте жоқ

Бірақ жылан туды қыраннан? Кімнің сөзі?

III- тапсырма                          3 балл

1.Үш күннен кейін екі адамды Шыңғысханның алдына әкеледі. Шыңғысхан үнсіз ойға шомады. Қайырханға қызыға қарайды. Неге қызыға қарайды?

2.Қарияның бала тәрбиесінде жіберген қателігі болды ма?

3.Қарияның шеткі қақпадан баланы шығарып жіберуінің мәні неде деп ойлайсың?10 мин   

салыстыру, дәлелдеу, ой бөлісу

баяндайды

ажыратады.

 

Ізденеді

 

 

АКТ суретті ажыратады.

 

 

Жауап береді.

 

 

 

 

 

 

Қарашоқы

 

 

 

 

 

Қария

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шыңғысхан

 

 

 

Қайырхан

 

 

Қиындықтарға мойымай,тәні жараланғанмен, жанымен беріспегеніне, ержүректігіне қызыға қарайды.Себебі,құлағы мен мұрнын кесіп алып қорласа да, жүзі күлімдеп жауына беріспей, тұр еді деп пікір айтты.

Қорытынды

     Топпен жұмыс. 3тақырыпты қамтиды.

Намыс, Не құнды? Сатқындыққа көзқарас «Поэмадағы хандар бейнесін талдау»/Шыңғысхан, Қайырхан/4балл                                 10 мин

Сіздің пікіріңіз құнды.....  7 мин

Нені білдім?  Мені қызықтырды?  Қандай қасиеттерді үлгі тұттым.   Мен  нені өзгертер едім....

/мәртебесі жоғары жауап, мәртебесі төмен жауап//толғаныс/

 Бағалау, ойын қорытындылау арқылы шешім шығару

Қайырхан рухты, намысшыл, ержүрек . Төрт ұйқысын төрт бөліп, Отырардың жерін, елін сақтау маңызды болса,Шыңғысхан жауыз, себебі, Отырарды жаулап жаулап алу , жауынгерлерін қатыгездікке үйрету құнды.

Кері байланыс сәтінде Шыңғысхандай қатал немесе Қарашоқы сияқты сатқын болмауды десе, Қайырханның төзімділігі, шыдамдылығы, қиындықпен бетпе- бет келсе де елін сатпауы қызықтырды  немесе қазақ елін, қазақ жерін қорғаған ата- бабаларымызды ұмытпаймын. Нені өзгертер едің? сауалына Шыңғысханды Отырарды талқандауға жол бермей, бейбітшілікте өмір сүруге көзқарасын өзгертер едім деген жауаптар болды.

Сабақтың өзіндік талдауы: Осы сабақта, сыни тұрғысынан ойлау, диологтік оқыту, АКТ-ны пайдалану, критериялды бағалау, дарынды балалармен жұмыс, көшбасшылық модулдерін қамтуға тырыстым.

Кіріспе бөлімінде оқушылар  «Хан»  ассосация жасауда кеңірек өз ойларымен бөлісе білді. Топта ұйымшылдық қалыптасқандығы көрініп-ақ тұрды.

Тұсаукесер бөлімінде

   1.Суреттеу2.Мінездеу 3.Сұраққа жауап 4.Салыстыру5.Үзінді айт.

Кубизм стратегиясын қолдандым./мәтінмен жұмыс/ толық қамтылды.Топта оқушыларға жұмыстану оңай болды.

Негізгі бөлімде Кубизм бойынша тапсырмалар орындалды.

Көгершіннің  келуі /сұрақ-жауап/

Деңгейлік тапсырмалар берілді. Осы орайда, маған ұнағаны жетек сұрақтарды қою арқылы оқушыны сыни тұрғыдан ойлантып, әрі диологтық оқытуды пайдалана отырып кері байланыс орнатуға тырыстым. Сосын тапсырмаға көшу орындалды. Оқушыда таңдау құқығы болғанмен, әр оқушы өз деңгейін таңдауға тырысты.

Қорытынды бөлімде топпен жұмыс жүргізілді.

Намыс, Не құнды? Сатқындыққа көзқарас 3тақырыпты қамтиды.

«Поэмадағы хандар бейнесін талдау»/Шыңғысхан, Қайырхан/

Көзқарастарын жеткізуде оқушыларда белсенділік басым, еркін болды.

Тәжірибелік сабақты бағалау: Жалпы сабақта оқушылар сыни оқыту тұрғысынан оқыту тапсырмаларын орындауда белсенділік танытты.Сұрақ қоюда, жауапкершілік өзім тарапымнан дұрыс жүзеге асқан.Себебі, жетек сұрақтарды орнымен қоя білдім.  Күтілетін нәтижеде өз ойын еркін жеткізді. Оқушының мәтінді толық меңгергенін анықталды.Бағалау жүзеге асты- бұл мен үшін бір нәтижеге жеткендігім деп бағаладым.

Сабақ бойынша өзгертулер: Болашақта сабақтарыма өзгертулер енгізетін болсам, тапсырмалардың қайталанулары мен тапсырмалардың аз болуын қадағалаймын. Уақытты тиімді пайдаланатын боламын.

 

Бөлісу: