Мүгедек балаларға бөлінген қаржыны жымқырған басшы тергелуде

30 Маусым 2022, 16:07 978

Ұйым директоры 3 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінді

Шымкентте мүгедек балаларға арналған алаңдар құрылысы қаржысын ұрлады деген ұйым директоры тергеліп жатыр, деп хабарлайды El.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

«Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті «Қамқор» жедел-алдын алу іс-шаралары нәтижесінде ЖШС директорына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол 2019 жылы мүгедек балаларға арналған алаңдар құрылысының орындалған жұмыстар актілеріне жалған мәліметтер енгізу арқылы 3 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінді», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.


Бөлісу: