Ұлытау облысына «Тальго» пойызы қатынайды

10 Тамыз 2022, 02:34 1119

Қыркүйектен бастап Жезқазған қаласына «Тальго» пойыздары қатынайды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, Ұлытау облысына «Тальго» пойыздары қатынайды, деп хабарлайды El.kz.

– Ұлытау облысына көлік қатынасын дамыту мақсатында биыл қыркүйектен бастап Жезқазған қаласына «Тальго» пойыздары қатынайды. Ол үшін күн ара № 65/66 «Нұр-Сұлтан – Жезқазған» және № 73/74 «Алматы-2 Жезқазған» бағытындағы пойыздар жолға шығады, - деді ведомстводан.

Сонымен қатар министрлік жыл басынан бері жолаушылар пойызына жүргізілген тексерістер нәтижесін жариялады. 300 пойыз тексеруден өтіп, оларда 700-ге жуық олқылық табылған. Анықталған фактілер бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылған.

Бөлісу: