Ұлытау облысы полиция департаментінің бастығы болып Қайыркен Әлиев тағайындалды. Жаңа облыста полиция департаменті құрылып, бүгінгі таңда кадрлар жасақталып жатыр,– деп хабарлайды El.kz.
Қайыркен Әлиев еңбек жолын Қарағанды ішкі істер басқармасының 9-бөлімінде жедел тергеу қызметкерінен бастап, мансап баспалдағымен облыстық полиция департаменті бастығының орынбасарына дейін жеткен.
Ол Ұлытау облысы полиция департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы болады. Оның лауазымы түпкілікті бекітілгені туралы бір айдан соң белгілі болады.
Қайыркен Жетпісбайұлы Әлиев 45 жаста, Жаңаарқа ауданының тумасы. 2 жоғары білімі бар – Қарағанды заң институтын және Бейсенов атындағы ІІМ Қарағанды академиясын бітірген. Үйленген, 3 баланың әкесі.