Ұлыбритания жоғарғы оқу орындарының көрмесі

27 Қазан 2014, 12:43

Education UK британдық білім берудің үшінші көрмесі 25 қазан күні Астана және Алматы қалаларында өтті.

Education UK британдық білім берудің үшінші көрмесі Алматы мен Астана қалаларында өтті. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-мен бірлесе отырып British Council ұйымдастырған британдық білім берудің көрмесіне 40-қа жуық алдыңғы қатарлы британ университетері, колледждері мен мектептері қатысты.

Көрмеге британдық алдыңғы қатарлы оқу орындары қатысып, өздерінің орта, жоғары және бизнестік білім бағдарламаларын, сондай-ақ үйренушілердің барлық топтары үшін ағылшын тілі курстарын ұсынып таныстырды.

Көрмеге келушілер университеттер өкілдерімен тікелей тілқатысып, оқу мерзімі шәкіртақы мүмкіндігі, оқу бағасы жөнінде ақпарат алып, британдық университетке немесе колледжге оқуға түсу үшін құжаттарды қайтіп дұрыс тапсыру керектігі жөнінде біле алды. Сонымен қатар, көрме аясында оқытудың түрлі бағыттары бойынша арнайы семинарлар өтті. Үздік университеттерді тәмамдаған Қазақстандық түлектер Ұлыбританияда білім алу тәжірибесімен бөлісті, ал British Council қызметкерлері IELTS емтихандарын тапсыруға қатысты ақыл-кеңестерін берді.

Сонымен қатар, көрме аясында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қызметкерлері «Болашақ» бағдарламасы бойынша магистратура, резидентура, докторонтура, ғылыми, педагогикалық, медицина бойынша және инженерлік, техникалық тағылымдамаларға құжат тапсыру туралы кеңестермен бөлісті.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы»  АҚ-ның Президенті Ғани Нығметов: «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ British Council-мен эксклюзивтік құқық аясында қызмет атқарады. Бүгінгі күнде орталығымыз 34Ұлыбританиялық жоғары оқу орындарымен жұмыс жасайды. Стипендиаттардың 45%-ы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбритания және Ирландияда білім ала алады. 20 жыл ішінде бағдарламамыз бойынша 2955 стипендиаттар Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігінде өз оқуларын тәмамдады»,- деп атап өтті.

«Білім беру саласындағы біздің жұмысымыз білім беруді интернационалдандыруға және машықтарды дамытуға, Ұлыбританияның тәжірибесін ортаға салуға және білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының іске асуын қолдау үшін бірлескен жобалар бойынша жұмыс істейтін серіктестіктер құруға бағытталған», - деп Қазақстандағы British Council директоры Саймон Уильямс көрменің салтанатты ашылуында сөз сөйлейді.

Көрме барысында, сондай-ақ келушілерге арналған бағалы жүлделердің ұтыс ойны ұйымдастырылып, «Қазақстан және Ұлыбритания: бізді не біріктіреді?» атты Education First және British Council бірігіп ұйымдастырған байқаудың жүлдегері марапатталды. Аталған тақырыпта жазылған ең үздік эсселердің авторлары барлық жол шығындары өтелген, Ұлыбританияның тіл мектептеріне, текгін екі апталық ағылшын тілі курстарына жолдамаға ие болды.

Көрмеде түсірілген суреттерді мына сілтемеден таба аласыздар.

Бөлісу: