Ұлыбритания үкіметінің басшысы болып Элизабет Трасс сайланды

5 Қыркүйек 2022, 18:55 1435

47 жастағы Трасс Тори партиясының қайраткері

Консервативті партияның жаңа жетекшісі, сәйкесінше Ұлыбритания үкіметінің басшысы болып Элизабет Трасс сайланды, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

47 жастағы Трасс Тори партиясының қайраткері. Қазір ол шын берілген консерватор және оңшыл либерал. 

Элизабет Трасс салықтарды азайтуға, атап айтқанда, оның қарсыласы - қаржы министрі Риши Сунак енгізген немесе жоспарлаған денсаулық сақтаудағы салықтар мен корпоративті салықты өсірмеуге уәде беріп отыр. 

Сонымен қатар Ұлыбритания үкіметінің жаңа басшысы мемлекеттік шығыстардың жалпы ревизиясын өткізуге, сондай-ақ жеңілдетілген ережелер мен фирмаларға қойылатын талаптары бар инвестициялық аймақтар құруға уәде етті.

Бөлісу: