Ұлы Отан соғысындағы солтүстік қазақстандықтар

3 Қыркүйек 2014, 12:04

Соғыстың алғашқы жылында Петропавл қаласы Батыстан көшірілген 20 зауыттың ұжымы мен қондырғыларын кабылдады.

Ұлы Отан соғысы жылдарында 92 мыңнан астам солтүстік қазақстандық әскерге алынды, 14 мың адам еңбек әскеріне жіберілді, солтүстік қазақстандық 56 жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын алды, 11 адам Даңқ орденінің толық иегері болды. Облыстың «Жадынама кітабы» мәліметтері бойынша соғыс барысында 45364 адам қаза тапты, яғни майданға кеткен әрбір екінші адам үйіне оралған жоқ.

Соғыстың алғашқы жылында Петропавл қаласы Батыстан көшірілген 20 зауыттың ұжымы мен қондырғыларын кабылдады. Ғ. 239, 347, 641, 675, АЛД ­қорғаныс кәсіпорындарының тобы құрылды. Тері илеу, хром зауыттарының, байпақ ­аяқ киім, махорка фабрикаларының, өнеркәсіп артельдерінің қуаты екі­үш есе өсті. Мыңдаған қалалықтар – қарттар, әйелдер, жасөспірімдер бұл кәсіпорындардың ұжымын құрады. Петропавл теміржол бөлімшесінің теміржолшылары жанқиярлықпен еңбек етті. Жұмысшы депосы соғыс қимылына қатысушы әскерге «Солтүстікқазақстандық» бронды пойызын, ал вагон депосы пойыз­моншаны және әскери асхана жасап жіберді. Соғыс жылдарында майдангерлер мен гвардияшылар бригадалары, екіжүздіктер және үшжүздіктер қозғалысы, шикізат пен электр энергиясын үнемдеу үшін қозғалыс кеңінен қанат жайды. Адамдар қиыншылықты жеңе отырып, жарым көңіл, жарты құрсақ бола жүріп, тұрмыстың қиындығына мойымай, шикізатпен, электр энергиясымен, отынмен және құрал­жабдықпен қамтамасыз етудегі үзілістерге қарамастан Отанды гитлершіл басқыншылардан қорғау жолында бар күш­жігерін аямай жұмсады.

Соғыс аяқталғаннан кейін бейбіт еңбекке көшуде үлкен қиындықтар кездесті. 126 мың алқапта бұрынғы жыртылған жерді қайта өңдеуге тура келді. Машина, трактор паркінің қысқаруы да шаруашылыққа кері әсерін тигізді.

Соғыстан кейінгі алғашқы жылдарда астық тапсыру жоспарын көптеген шаруашылықтар жартылай ғана орындады. 1946 жылы 102 ұжымшар мемлекетке астық тапсыруға қатысқан жоқ.

Мал шаруашылығындағы жағдай көптеген шаруашылықтарда тіптен нашар болды. Онда негізінен жүк тартатын көлікке сиырлар пайдаланылды. 1941 жылмен салыстырғанда мал саны облыста 26%­ға кеміді.

1950 жылы ұжымшар өндірісін нығайту мақсатында БК(б)П ОК мен МК шағын ұжымшарды ірілендіру туралы қаулы қабылдады. Солтүстік Қазақстан облысындағы 426 ұжымшардан 230­ы ғана қалды. Күткендегідей, бұл шара еңбек адамының мүддесіне сәйкес келмеді әрі тиісті нәтижелер бермеді. 1952 жылдың басына таман ұжымшарлардың несие қарызы 32 млн. сомға жетті (1951 жыл кірісінің 70%­ы), ал 1950 жылы егіннің жақсы шығуы облыстың жоспардан тыс 7,6 млн. пұт астық тапсыруына және еңбеккүнге 5­7 кг астық беруге мүмкіндік туғызды.

Ауылшаруашылық өндірісін арттыруға СОКП ОК қыркүйек (1933) және ақпан­наурыз (1954) Пленумдары мүлдем өзгеше тәсілдерді, яғни тың және тыңайған жерлерді игеру мен ауылшаруашылық өнімдеріне тауар көлемін ұлғайтатын жаңа сатып алу бағаларын енгізуді ұсынды. Қазақстанға Мәскеуден, Ленинградтан, Волгоградтан, Челябинсктен, Дондағы Ростовтан, Харьковтан, Минск, т.б. қалалардан жаңа техникалар үздіксіз келіп жатты.

«Есімдері ел есінде», құрастырған Абай Тасболатов

Бөлісу: