Лудоманиямен күрес: 40 мың адам өзін құмар ойындардан шектеді

22 Сәуір, 20:16 622

Құмар ойындарға қатысудан және бәс тігуден өз бетінше шектеу жөніндегі онлайн қызмет іске қосылған алғашқы айда аталған қызметті 40 мыңнан астам ел азаматы пайдаланған, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

36 765 адам EGOV mobile порталы арқылы онлайн өтініш берсе, 3398 адам өзін шектеуге қағаз түрінде өтініш жазды.

Сонымен қатар Туризм және спорт министрлігі осы қызметті ілгерілету үшін әлеуметтік жарнама науқанын жүргізуде. Еліміздің 10 өңірінде 200-ден астам баннерлер мен билбордтар ілінді. Сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарының цифрлы кеңселері мен теміржол вокзалдарында жарнамалық конструкцияларға тақырыптық баннерлер орналастырылған.

Өтінішті өзін құмар ойындар мен бәс тігуден шектегісі келетін адам дербес ЭЦҚ пайдалана отырып, өз бетінше өтініш беруге тиіс. Үшінші тұлғалар тарапынан өтініш бере алмайды.

Естеріңізге сала кетейік, аталған цифрлы қызметпен қатар ел азаматтары мен резиденттері құмар ойындарға қатысудан және бәс тігуден өзін шектеу үшін ойын бизнесін ұйымдастырушыларға жазбаша өтініш (қағаз түрінде) бере алады.

Зарина Арман
Бөлісу: