Лудоманияға қарсы профилактикалық шараларға бағытталған меморандумға қол қойылды

19 Қаңтар, 03:39 716

Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті мен «Қазақстан Республикасының тәуелді тұлғаларды психологиялық түзету және оңалту орталықтарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Меморандум қоғамды құмар ойындармен шамадан тыс әуестенуден қорғауға және азаматтарды лудомания проблемасы, оның себептері мен теріс салдары туралы хабарландыру бойынша профилактикалық шаралардың кешенін әзірлеуге бағытталған.

Меморандум дөңгелек үстелдер, семинарлар, конферениялар, зерттеулер, ақпараттық-түсіндіру жұмыс, тәжірибе алмасу арқылы іске асырылады.

Баян Әжмұхан
Бөлісу: