Ұлттық волонтерлік желісі Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды

5 Қазан 2022, 11:00 1734

Бұл туралы ұлттық волонтерлік желісінің төрағасы Вера Ким мәлімдеді

Ұлттық волонтерлік желісі кезектен тыс президент сайлауына өз кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды El.kz.

Бүгін елордада ұлттық волонтерлік желісінің жиыны өтті. Аталған жиында еліміздің волонтерлер қауымы 20 қарашада өтетін президент сайлауына кандидат ретінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты бірауыздан ұсынды.

«Осы жылдар ішінде Мемлекет басшысы волонтерлік саладағы барлық маңызды бастамаларды қолдап келеді. Сондай-ақ волонтерлер мен волонтерлік ұйымдардың қызметін және еңбегін жоғары бағалады. Президент волонтерлерге үлкен сенім артады, Мемлекет басшысының қолдауы бізді шабыттандырады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа деген сенім мандатымыз еліміздің көркеюі мен халқымыздың мүддесі үшін бағытталған. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған мемлекеттік бағдарламалар мен реформалардың жемісін барша қазақстандық көріп отыр. Біздің Президентіміз волонтерлік қозғалысты қолдайды, ендеше біз де өз Президентімізді қолдаймыз», - деді ұлттық волонтерлік желісінің төрағасы Вера Ким.

Оның айтуынша, бүгінде елімізде 200 мыңнан астам волонтерді қамтыған 600-ден астам волонтерлік ұйым жұмыс істейді.

Бөлісу: