Ұлттық банктің штат саны қысқартылды

26 Тамыз 2022, 13:42 1390

Құжат 17 тамызда қабылданған

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық банктің штат санын қысқарту туралы Жарлығы жарияланды, деп хабарлайды El.kz. порталы ҚазАқпаратқа сілеме жасап.
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратын, оның филиалдарын және өкілдігін қоса алғанда жалпы штат саны 2161 бірлік болып бекітілсін», - деп жазылған құжатта.
Бұған дейін Ұлттық банк қызметкерлерінің штат саны 2587 адам болған еді.
Құжат 17 тамызда қабылданған.
Еске салсақ, тамыздың басында Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы Жарлыққа толықтыру енгізілген болатын.

Бөлісу: