Ұлттық банк алаяқтардан сақ болуға шақырады

13 Қазан 2022, 16:01 1397

Ұлттық Банк мобильді қосымшаларды орнатпауды, өзінің дербес деректерін жарияламауды, ұялы телефонды қашықтан басқартпауды сұрайды

 Қазақстан Ұлттық Банкі телефон алаяқтарының өз «өкілеттігін» немесе жоқ шоттары мен аударымдарын растау үшін жалған құжат ұсыну фактілері жиілеп жатқанын мәлімдейді, деп хабарлайды El.kz. 

Алаяқтар өзін Ұлттық Банк қызметкері ретінде таныстырып, азаматтарының қаражатын жымқыру мақсатында жаңылыстыруға тырысады. Ұлттық Банк мобильді қосымшаларды орнатпауды, өзінің дербес деректерін жарияламауды, ұялы телефонды қашықтан басқартпауды және телефонмен әңгіме кезінде алынған нұсқаулар бойынша қаражатты үшінші тұлғаның шотына аудармауды сұрайды.


Бөлісу: