30 Шілде 2014, 04:44
«Қазақ жеріне тағдырдың жазуымен алуан түрлі ұлт өкілдері қоныс аударды. Біз оларға құшағымызды ашып, қазақи қонақжайлылықпен қарсы алдық. Олар біздің елімізде өсіп-өніп, бауырларымызға айналды. Қазір біз көпұлтты сипаты бар, біртұтас елміз. Жаһандану дәуірі – көпұлтты мемлекеттер дәуірі. Бұл – әлемдік үрдіс. Еліміздің дамуына барша ұлт пен ұлыс өкілдері бірге үлес қосты». Бұл елбасымыздың биылғы қазақ халқына жолдауында айтылған сөзі. Ия, сонау қиын-қыстау күндері ел-жұртын, атамекенін тастап жат елге қоныс аударған өзге ұлт өкілдері, өз халқының мәдениеті мен әдебиетін тарих санасынан шығармай, бүгінгі ұрпаққа жеткізе білді. Қазақ жеріндегі ұлттар мен ұлыстар еліміздің барлық салаларында еңбек ете отырып соның ішінде қазақ әдебиеті мен мәдениетіне де өз үлестерін қосты. Соның бірі – қазақ әдебиетіне үлкен еңбегін сіңіріп жүрген неміс ұлтының өкілі Бельгер Герольд. Қаламгердің қаламынан «Ауыл шетіндегі үй», «Даладағы шағалалар», «Алты асу», «Тас өткел», «Бауырластықтың жанды бейнесі», «Созвучие», «Уақытпен бетпе-бет», «Мотивы трех струн», «Гете и Абай», «Родство», «Земные избранники» атты зерттеу еңбектері жарық көрген.
Жазушы Абай и Гете зерттеу еңбегінде: «Менің Абайды тануым Гетені түсінуден басталуға тиіс сықылды еді. Қаншама қазақша оқып, қазақ ауылында өстім дегенмен, неміс емеспін бе? Бірақ бәрі керісінше болып шықты. Мен әуелі Абай арқылы Гетені таптым. Бұл әншейін айтыла салған жылтырақ сөз емес. Басқасын былай қойғанда, Гетенің әйгілі «Жолаушының түнгі жыры» атты өлеңін мен әуелі Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып» деген өлеңін оқып барып, Лермонтовтың «Тау шыңдары» арқылы бойыма сіңіріппін». «Ұлы адамдардың, оның ішінде әр халықтың дана ақындарының арасында рухани жақындықтың, рухани тамырластықтың тіпті туысқандықтың бары анық болса, сол жақындық, сол туыстық Гете мен Абай творчествосында айырықша айқын біленеді», – деп қазақтың ұлы ақының, оның терең мәнді шығармаларын зерттей отырып, өз пікірін білдіреді.
Жазушының 20-ға жуық құрастырған жинақтары мен 25-тен аса мақалалары мен әңгімелері кірген жинақтары бар. Оның қаламын туған «Лики слова», «Помни имя свое», «Тихие беседы на шумных перекрестках», «Этюды о переводах, И.Жансугурова», «След слова», «Дом скитальца», «Гармония духа», «Рус. Книга», «Автобиографические эскизы». «Туюксу», «Даик пресс», «Плетенье чепухи», «Мұнартау». «Өлке», «Разлад», «Казахские слова» деген шығармаларын атауға болады.
Шығармаларының бірі 2003 жылы жарық көрген «Кезбенің үйі» («Дом скиталца») романы оқырмандардың ерекше ықыласын аудырып, қызығушылығын тудырған туынды болды. Роман желісі Қазақстандағы этникалық неміс ұлтының тағдырына арналған. Шығармада жазушының көзімен көріп, өз басынан кешкен оқиғалары баяндалады. Сондай-ақ сонау дүрбелең, зұламат жылдардың қиыншылықтарын басынан кешкен қазақ пен неміс ұлттарының тағдыры суреттеледі.
Герольд Бельгер бүгінде қазақ қоғамда тіл жанашыры болып жүрген тұлғалардың бірі. Қазақтың ана тіліне деген жан айқайы бірнеше басылым беттерінде тіпті шығармаларының бірі «Казахские слова» деген еңбегінде кеңінен аталып өтті. «Қазақ тілін қарабайыр санайтын надандық бұлтын сейілту үшін мынаны еске алу артық болмас: егер бір ғана «Абай жолын» Әуезов 16983 сөз қолданса, ал Шекспир мен Байронның барша лексиконы 15 мың сөзді құрайды. Демек, қазақ әдебиетінің дәмін көрмей жатып, әлемдік әдебиетке қол созудың өзі – ақымақтық» дегіміз келеді өзінің тіл хақындағы тамаша пікірін білдіреді. Жазушының қазақ әдебиетінің қаймақтарының шығармаларын орыс тіліне аударып, өзге тіл оқырмандарына да насихаттай білген. Мәселен Б.Майлин, Х.Есенжанов, Ә.Нұрпейісов, Ә.Кекілбаев, Д.Досжанов, т.б. қазақ жазушыларының бірқатар шығармаларын атап өтуге болады. Оның қазақ әдебиетіне сіңірген еңбектері де елеусіз қалмай 1988 жылы Қазақстан Жазушылар одағының Б.Майлин атындағы сыйлығының иегері, 1987 жылы Қазақ КСРнің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, 1992 жылы Президенттің бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығының иегері, 1994 жылы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңес мүшесі. «Парасат» орденінің иегері, 1996 жылы Қазақстандағы ПЕН клуб сыйлығының 2007 жылы «Алтын самрұқ» сыйлықтарымен арнайы марапатталады.
Сөз соңында айтарымыз төл әдебиетімізге өз үлестерін қосып, ұлт жаншыры болып жүрген мұндай тұлғалар қоғамымызда көбейе берсін, олар өзге ұлттан бола тұра қазақтың қамын жейтін шын патриоттар болса, біз үшін үлкен мәртебе деп білеміз. Бұған елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының Қазақстан халқы Ассамблеясында айтқан сөзі дәлел. «Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ даласына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепті. Бүгінге олар тегі басқа болғанымен теңдігі бір, қаны бөлек болғанымен жаны бір, арманы ортақ біртұтас халыққа айналды. Туған елінің туының астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді әр уақытта. Осылай елдігіміздің ертеңі ошақтың ұштағаны секілді «бір халық, бір ел, бір тағдыр» деген үш сөзге сыйып отыр».
Гүлмира Ерубаева