Астана қаласының прокуратурасы LRT бойынша мемлекет алдындағы қарыз өтелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда прокуратурасы мемлекет, оның ішінде жалғыз құрылтайшысы Астана қаласының әкімдігі cаналатын City Transportation Systems ЖШС-нің (бұрынғы «Astana LRT» компаниясының) пайдасына қатысты сот актілері орындалуына талдау жүргізді.
Қадағалау шараларымен борышкерлер мемлекет балансына жалпы 40 жылжымайтын мүлікті берген, оның ішінде мынадай мүліктер бар:
Қайтарылған активтердің жалпы құны 920 млн теңге болады. Мемлекеттің пайдасына құны 615 млн теңге тұратын тағы 37 мүлік өндіріліп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр, - деп жазылған хабарламада.