Лондонда Карл ІІІ таққа отыру рәсімі кезінде 64 адам ұсталды

9 Мамыр 2023, 07:19 699

Лондонда Карл III таққа отыру рәсімі кезінде 64 адам ұсталды. Бұл туралы қалалық полицияның сайтында жазылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Сенбі, 6 мамырда, Орталық Лондондағы полицияның іс-қимылдары аясында таққа отыру рәсімі кезінде қоғамдық тәртіпті бұзған 64 адам ұсталды, - деп түсіндірді құқық қорғау органдарының өкілдері.

Сондай-ақ кейбір ұсталғандарға айып тағылып, сот отырысының күні белгіленгені айтылды.

Салтанатты іс-шара дәстүр бойынша Вестминстер аббаттығында өтіп, оған жүзге жуық мемлекет басшысы қатысты.

EL.KZ
Бөлісу: