17 Шілде 2014, 05:20
Электронды пошта қызметі ең кең таралған, әрі ыңғайлы. Алайда email-қызметтердің өзіндік кемшіліктері бар. Мысалы, в Gmail мен Outlook әрқайсысы жекелей 25 МБ-тан артық ақпарат бере алмайды. Поштаны алмастыратын басқа да пайдалы қызметтер бар, алайда онсыз болмайтын болса, онда HJ-Split көп платформалы утилитті пайдалануға болады. Оның көмегі арқасында негізгі файл бірнеше бөлшеке бөлінеді. Сол бөлшектер бөлек жіберіледі. Содан соң қабылдаушы жақта бөлшектер қайта жинақталады.
Классикалық веб-қоймалар
Егер де жіберу керек файлдар өте ауқымда болған жағдайда бұлтты сервистерді пайдалану керек. Олар: Dropbox, Google Drive, OneDrive және соларға ұқсастар. Жоғарыда аталғандарды таңдау мотивациясы әр келкі болады. Бірақ мәні онда емес. OneDrive-қа көлемі 2 ГБ мәліметтер салына алады. Google Drive-тың сыйымдылығы 5 ТБ. Бұл өте үлкен көлемді ақпараттар. Сонымен қатар Dropbox қызметі де пайдалануда жеңіл. Аталған қызметтер үлкен көлемдегі ақпаратты тасымалдау мен сақтау үшін жасалғандықтан, олардың қуатын толық пайдалану қажет.
Аса құпиялылықты жақсы көретін жандар үшін WeTransfer қызметі арнайы жасалған. Ол қызметке тіркелу керек емес, ешқандай ақпарат сұрамайды да. 2 ГБ ақпаратты браузерден-ақ жібере аласыз. Тек күтіп алушы адамның электронды мекенжайы ғана керек. Интернетке жүктелген мәліметтер 7 күн сақталады.
Жоғарыда аталып өткен әдістердің бәрінде мәліметтерді интернетке жүктеу керек. Уақытша болса да, сіздің ақпараттар «басқа» жерде сақталатын болады. Егер осындай жағдай сізді қанағаттандырмаса, JustBeamIt қызметін пайдаланыңыз. Ол тікелей peer-to-peer арқылы мәліметтерді жібереді. Жіберілген ақпарат ешқайда сақталмайды. Тағы бір қызмет - Infinit. Жоғарыда аталып өткен қызметтерді ұсына отырып, файлды жүктеу үрдісін тоқтатуға/жандандыруға болады. Осы қызметтер сіз туралы ешқандай ақпарат жинақтамайды. Және де жіберілген мәліметтер қабылданғаннан кейін жойылып отырады.
Заманауи мессенджерлер арқылы да файлдарды жіберуге болады. Файлдың көлемі әдетте мессенджерлік қызметке байланысты келеді. Мысалы, Skype P2P арқылы қызмет етеді, ол арқылы берілетін ақпараттар көлемі шектеулі емес. Сонымен қатар қызметтер ақпаратты тиімді жеткізу үшін қосымша функцияларды пайдалана алады.