Өлке тарихы

18 Маусым 2014, 07:09

Қызылорда облысы, Арал ауданына жолыңыз түссе, ең алдымен аудандағы өлкетану музейіне кіріп шығыңыз.

Қызылорда облысы, Арал ауданына жолыңыз түссе, ең алдымен аудандағы өлкетану музейіне кіріп шығыңыз. Онда сіз бұл өлкенің әзелден немен айналысып, нені кәсіп еткендігін білесіздер!

Өлке тарихы залынан аудан халқының байырға кәсібі балық  шаруашылығымен айналысқан,1925 жылы  Арал ауданында «Серіктестік» деген балық аулайтын ұйым құрылды. Ұйымның алтауы Арал жерінде, төртеуі Мойнақ маңында болды.1928 жылы Арал теңізінің балықшыларының басын біріктіріп «Балықшылар одағы құрылды. Басқарма председателі болып патша заманында жер ауып келген Дон казагі Дубовик (1897-1945) сайланды. 1930 жылдан бастап профессор М.И.Ильиннің басқаруымен Мойнақ пен Арал қаласында консерві заводы салына бастады. Ол жылына 6 миллионнан астам консерві шығарды.1940 жылы профессор Г.В.Никольский Арал теңізіндегі балықтардың түрі мен олардың қандай тереңдікте жүретіндігі жөнінде арнайы карта жасалды. Сол жоба бойынша бекіре, жайын, ақбалық, шортан, сазан, тісті, шабақ, алабұға, қаяз, табан, торта, айнакөз, шомая ауланды.  Соғыс жалдарында Арал балықшылары 23 430 тонна сапалы балықты Отан қорғаушылар мен туысқан республикаларға жөнелтті. , Поволжье халқының басына ауыр күн туғанда В.И.Ленин 1921 жылы 7 қазанда: Арал балықшыларына хат жолдап, ашыққандарға көмек көрсетуін өтінген. Бөгендіктер телеграмманы алысымен 24 сағаттың ішінде 14 вагон балық жөнелтті, сол кездері балық өндірісінің өркендеуіне үлес қосқаны үшін 1960 ж Жоғарғы Совет Президумының Указымен Ұштап Өтеулиева Соц. Еңбек Ері атағы берілді.   1970 жылға дейін Арал теңізінде балықтың 34 түрі ауланған. Қазіргі таңда  балықтың 22 түрі ауланады. Балық кәсіпшілігінде  балықшылардың ау-құралдары орналасқан.

      Арал теңізінің  алғашқы зерттеушілер, Арал теңізінің тартылуы, табиғат, Қамбаш көлі, Барсакелмес аралы, Қарақұм көріністері, Арал бекінісі көріністері орын алған. Арал ауданынан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысқандардың фотосуреттері мен құжаттары, яғни аудан халқының Ұлы Отан соғысы уақытында де өшпес ерліктері,ауданнан соғысқа 11 мыңнан астам адам кетіп, оның 6038 елге оралмай, майдан даласында қалды. 2005 жылы Арал боздақтарының рухына арналып аудан орталығының орталық алаңында Тағзым алаңы орнатылды.Қазіргі таңда  Арал ауданында  19 соғыс ардагері қалды.Сондай-ақ, ауданда Кеңес өкіметінің орнауы, ұжымдастыру, тұз өнеркәсібі, мал шаруашылығы мен өнеркәсібінің дамуы, 16 социалистік еңбек ерлерінің суреттері. 

Бөлісу: