Ливияда 60-тан астам мигрант жалалауда суға батып кетті

17 Желтоқсан 2023, 19:04 955

Ливия жағалауында кеме апатқа ұшырап, кем дегенде 61 адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Kazinform-ге сілтеме жасап.

Халықаралық көші-қон ұйымының Ливиядағы бөлімшесі бұл туралы X әлеуметтік желісінде жазған.

Ливия жағалауындағы қайғылы кеме апатынан кейін 61 мигрант, соның ішінде әйелдер мен балалар қаза тапты, - деп жазылған хабарламада.

Суға батып кеткен кеме жолаушыларының көбі Нигерия, Гамбия және Африка елдерінің азаматтары болған. Халықаралық көші-қон ұйымының өкілдері аман қалғандарға медициналық көмек көрсетіп, 25 адам Триполи маңындағы сауықтыру орталығына жіберілді.

Перизат Саденова
Бөлісу: