Әлихан Смайылов TAV Airports Holding компаниясының басшысымен кездесті

17 Тамыз 2022, 17:11 837

Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін дамыту мәселесі талқыланды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов TAV Airports Holding компаниясының президенті Серкан Каптанмен кездесті, деп хабарлайды El.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар авиация саласындағы ынтымақтастық, Алматы әуежайында жаңа халықаралық терминал салу, сондай-ақ Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін дамыту мәселелерін талқылады.

Бөлісу: