Премьер-министр экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

30 Қыркүйек 2022, 10:01 764

Премьер-Министр осы бағыттар бойынша жұмысты жалғастыруды және оның қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар дайындап, комиссия қарауына шығаруды тапсырды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, онда «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ және «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС қызметінің мәселелері қаралды, деп хабарлайды El.kz.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров қазіргі уақытта монополиялық жоғары баға қою, үстем жағдайды асыра пайдалану белгілері бойынша «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ға қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ оның айтуынша, ведомство «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС-не қатысты сұйытылған мұнай газына монополиялық жоғары баға белгілеу және ауыстырып тиеу, сақтау қызметтері мәселесі бойынша тергеуді жалғастырып жатыр.

Премьер-Министр осы бағыттар бойынша жұмысты жалғастыруды және оның қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар дайындап, комиссия қарауына шығаруды тапсырды.

Бөлісу: