Астана қаласының Полиция департаменті көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде лифт алдында іш киімін шешкен ер адамға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде таралған іш киімін шешкен ер адамның видеосы астаналықтардың ызасын келтірді. Бейнежазбаға пікір қалдырған оқырманның көбі бала-шағасының қауіпсіздігі үшін алаңдап, тез арада ер адамды қамау керек екенін айтқан.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі ер адам ұсталса, заң аясында жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді.
Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері тексеріс жүргізіп жатыр. Құқық бұзушы ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.