Либерия президенті өз жалақысын 40%-ға қысқартты

10 Шілде, 13:11 526

2023 жылғы сайлауда жеңіске жеткен Либерия президенті Джозеф Боакай ай сайынғы жалақысын 40%-ға азайтатынын айтты.

Maghreb Arabe Presse мәліметінше, бұл әрекетімен Боакай өзгелерге үлгі көрсетіп, үкіметтің есебін күшейтуді және халықпен бірге екенін білдіруді көздейді.

Либерия басшысы мемлекеттік қызмет агенттігіне ұлттық экономика жағдайында мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын тексеруді талап етті.

Бұған дейін Джозеф Боакай жылына 13 400 доллар алып келсе, енді қысқартылғаннан кейін оның жалдық жалақысы шамамен 8 000 долларды құрайды.

Либерияның 2024 жылға арналған бюджетінде мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің жалақысына 40 млн доллар қарастырылған. Тек Президент әкімшілігінің бюджеті 3 миллион долларға бағаланады. Бір қызығы, Либерияның білім саласын дамытуға 3,3 миллион доллар жоспарланған.

БҰҰ есебіне сәйкес, Либерия ­– әлемдегі ең кедей елдердің бірі.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: