ЛЕОНИД ПРОКОПЕНКО: «МЫҢ БАЛА» ЖОБАСЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІК – БҮКІЛ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕТІСТІГІ

29 Қараша 2018, 02:00 1814

Жыл сайынғы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі ҚР Тұңғыш Президенті күніне орайластырыды.

Салтанатты іс-шараны Төраға орынбасары – Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Леонид Прокопенко құттықтау сөзімен ашты.

ҚХА басшысының орынбасары атап өткендей, қараша айының соңында елордалық сахнада балалардың мемлекеттік тілдегі жарқын орындауларын тыңдау және жобаның қорытындысын шығару жақсы дәстүрге айналды.

«Қазақтану» жалпыұлттық жобасы аясында жүзеге асырылатын «Мың бала» жобасы – біздің құндылықтарымызды сақтау жұмыстары болып табылады. Тіл – қазына, тіл – қасиет, тіл – жоғары мәдениет. Тіл – тарих пен мәдениеттің жол картасы», – деп атап көрсетті Леонид Прокопенко.

ҚХА хатшылығының меңгерушісі атап өткендей, кез келген халықтың тарихы – оның тілінен басталады.

«Мың бала» 2015 жылдан бастап ҚХА бастамасымен еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асырылып келеді. Ол мемлекеттік тілді, қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлерін білу арқылы еліміздің өсіп келе жатқан азаматтары мен болашақ иелерінің достығы мен бірлігін нығайту әрі жақындастыруға бағытталған.

«Мемлекеттік тіл – бұл жоғары жетістіктерге ұмтылатын, табысты мансабын құратын жастарға арналған «әлеуметтік лифт». Бұған Қазақстанда мыңдаған мысал бар, біздің жүргізушілер – Павлодар облысының Ақсу қаласынан Максим, Алла – Қостанайдан, Мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских, ҚР Қоғамдық даму вице-министрі Сергей Коновалов және т.б.», – деп атап өтті Л. Прокопенко.

Үздік эссе, бейнероликтер авторларына Қазақстан халқы Ассамблеясының марапаттары мен естелік сыйлықтары салтанатты түрде табыс етілді.
Леонид Прокопенко жоба жеңімпаздарының арасында Қазақстанның болашақ министрлері, әкімдері, журналистері, дипломаттары, әскерилер, дәрігерлер мен мұғалімдері бар екеніне сенім білдірді.

«Сіздердің бүгінгі жобадағы табыстарыңыз – бұл бүкіл Қазақстанның табысы. Сондықтан сіздердің қазақ тілі мен туған жеріңізге деген махаббатыңыз үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді», – деп Ассамблея Төрағасының орынбасары жүрекжарды лебізін білдірді.

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Бөлісу: