ЛЕОНИД ПРОКОПЕНКО: ҚХА КӘСІПКЕРЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ – ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН ӘЛЕУМЕТТІК БАСПАЛДАҚ

20 Желтоқсан 2018, 11:01 1961

 

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кәсіпкерлер қауымдастығының Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асырудағы бес бастамасы ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығының форумында талқыланды.

Форум барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенко ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығы жастарға арналған тағы бір әлеуметтік баспалдақ екенін атап өтті. Ол Кәсіпкерлер қауымдастығының активінде жүзеге асырылған бірнеше бизнес жобасы бар кәсіпкерлер тұрғанын айтты.

Қазіргі уақытта Қауымдастық командасы Қазақстанға инвестиция тарту бойынша бірқатар жобаларды жүзеге асырып, шетелдік бизнес-құрылымдардың қатысуымен жобалар пысықталуда және жаңа жастар стартап идеяларын іздеу жүзеге асырылуда. Жобалар портфелі жыл сайын артып келеді, қатысушылар саны мен жүргізіліп жатқан жұмыстың сапасы өсуде.

Бүгінде Қауымдастық халықаралық деңгейге сенімді түрде шығып, шетелдік бизнес серіктестермен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасады. Қауымдастық Иваново базасында қазақстандық тараппен көліктік-логистикалық хаб құру мәселесін пысықтауда. Бұл Қазақстанның өнімдерін Ресейдің орталық федералдық округіне және Мәскеуге шығаруға мүмкіндік береді, ол өз кезегінде үлкен нарыққа шығуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта, ҚХА басшысының орынбасарының айтуынша, ресейлік бизнесмендермен ынтымақтастыққа бағытталған «Еуразиялық диалог» әлеуметтік-экономикалық дамуды қолдау Халықаралық Қорының жобалары белсенді талқылануда. Осы жобалардың есебінен қазақстандық тауарлар өз сатып алушыларын Ресейде таба алады.

«Біздің жобаларымызға Ресей, Литва, Оңтүстік Корея, Германия, Түркия, Әзірбайжан серіктестері қызығушылық танытуда. Қауымдастықтың жұмысы ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында және басқа да бағдарламалық құжаттарда белгіленген Мемлекет басшысының негізгі тапсырмаларын негізге ала отырып жалғастырылатын болады», – деді ҚХА басшысының орынбасары.

Осыған байланысты Леонид Прокопенконың айтуынша, ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығы 2019 жылы бес негізгі бағытқа шоғырлануы тиіс. Бұл агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін іске асыру – ғылыми аграрлық-инновациялық орталық құру, ауыл шаруашылығы саласындағы беделді шетелдік және отандық мамандарды белсенді тарту.

Сонымен бірге оның айтуынша ҚХА Хатшылығы осы бағытта С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-мен жасалған меморандум аясында жұмыс істейді.

Қауымдастыққа жас бастамашы кәсіпкерлерге қолдау көрсету, ауылда кәсіпкерлікті дамыту қажет. Осы ретте Павлодар облысындағы қауымдастық филиалының табысты жұмысы атап өтілді.

Үшінші тармаққа сәйкес импортты алмастыру және кооперация орталығының жұмысын, яғни, халық тұтынатын тауарларды өндіруші кәсіпорындардың кооперациясын «қарапайым заттардың экономикасында» дамытуға бағыттау қажет.

Төртіншіден, технологиялар мен құзыреттер трансфері – заманауи технологияларды тарту, кәсіпкерлерді шаруашылық жүргізудің жаңа дағдыларына үйрету. Технологиялар трансферін қамтамасыз ететін түрік, корей, неміс, ұйғыр этномәдени бірлестіктерінің үлкен тәжірибесі атап өтілді.

Қорытынды бағыт – табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталған жобаларды ілгерілету мен қолдауды көздейтін жсыл экономиканы дамыту.

«Мемлекет басшысы Жолдауда «шикізат индустриясын ұйымдастыруды, табиғи ресурстарды басқару тәсілдерін сыни тұрғыдан қайта ойлау керек» деп атап өтті. Жақын болашақта ҚХА Қауымдастығының қызметі жаңа жұмыс орындарын құру, кәсіпкерлік идеяларын дамыту, шетелдік инвестициялар мен ресурс үнемдейтін және ақылды технологияларды тарту, жастардың стартап жобаларын қолдау арқылы осы міндеттерді жүзеге асыруға бағытталуы тиіс», – деді Леонид Прокопенко.

Форум алаңында «Ғылым қорымен», Қазақстанның қаптаушылар қауымдастығымен, «Жасыл экономика» және «G-Global» дамыту коалициясымен келісімдер жасалады, сондай-ақ қауымдастықтың «бизнес-инкубатор» және «импортты алмастыру орталығы» сияқты бірқатар жаңа жобалары іске қосылатын болады.

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Бөлісу: