Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметтері бойынша, әлемде COVID-19 инфекциясына шалдыққандардың жалпы саны 615,7 миллионнан асты, деп хабарлайды El.kz.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 4 қазандағы жағдай бойынша коронавирус жұқтырғандар саны бір тәулікте 171 391 науқасқа көбейіп, 615 777 700-ге жетті. Қауіпті вирустан қайтыс болғандардың жалпы саны 662-ге артып, 6 527 192 адамды құрады.