Әлем елдерінде бой көтеретін ең алып ғимараттар

27 Сәуір 2016, 08:34

Ең биік кешендер

Адамзаттың қиялында шек жоқ. Күн өткен сайын замануи сәулет өнері  қарыштап дамып, адамзатты аспанда самсаған жұлдыздарға жеткізетіндей. Мақаламызда қазіргі уақытта әлемнің әр бұрышында салынып жатқан заңғар биік, ғаламат  кешендерді таныстырмақпыз. Аспанмен таласа бой көтерген әсем ғимараттардың көркі, сән-салтанаты, сұлбасы таңдай қақтырмай қоймасы анық.

Кобра мұнарасы

Бір-біріне оралған қос кобра секілді мұнара жоспар бойынша Кувейтте бой көтермек. Құрылыс нысанының жұмысы 2008 жылы басталуы тиіс болатын. Алайда қаржылық кризиске байланысты құрылыс жұмысы тоқтап қалды. Жоба бойынша ең көп талқыланған мәселе – лифтіні қалай орнату керек деген сауал болды. Құрлысы спираль тектес ғимаратқа лифтіні көтеретін тетікті орнату мүмкін емес. Сол себепті мамандар лифтінің жұмысын ауада  пневматикалық түтік арқылы жүргізу технологиясын ұсынды.

Патшалық  мұнарасы

Әлемдегі ең биік ғимарат саналатын «Бурж Халифа»  мұнарасы Біріккен Араб Әмірліктерінде салынып жатыр. Дүниежүзінде көлемі, биіктігі жағынан бірінші орын алатын ғимарат болады. Мұнда ірі кондоминиумдар, кеңсе ғимараты, астрономиялық, метеорологиялық бақылау жүргізетін ғылыми мекемелер, Four Seasons қонақ үйі мен әлемдегі ең биік терраса орналасатын болады. Құрылыс жұмыстары былтыр басталған алып ғимарат 2019 жылы пайдалануға беріледі деген болжам бар.

 

Оны 2010 жылы 4 қаңтарда Дубай әмірлігінің билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашед Әл Мақтұм салтанатты жағдайда ашты. Салтанатты рәсімді тікелей эфирден 2 миллиардтан астам телекөрермен тамашалады. Бүкіл әлемге «Дубай мұнарасы» ретінде танылып келген нысан ресми ашылғаннан кейін Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянның құрметіне «Бурж Халифа» деп аталатын болды.

Биіктігі 828 метрге жететін бұл мұнара әлемдегі ең биік және ең көпқабатты құрылыс, ең биік тұрғын үй ғимараты және әлемдегі ең биік тамашалау алаңы бар нысан (мұнараның 124-ші және 160-шы қабаттарда тамашалау алаңдары орналасқан) санаттары бойынша бірінші жүлде алып отыр. Мұнараның төменгі қабаттарында «Армани» қонақүйі орналасатын болса, 19-шы және 108-ші қабаттардың аралығында 900 апартамент, ал одан жоғары қабаттарда корпоративтік кеңселер орналасатын болады.

Осыған дейін адам қолымен жасалған Тайваньдағы 508 метрлік мұнара әлемдегі ең биік мұнара деп саналып келген болатын.

Дубай мұнарасы мыңдаған жұмысшының қолымен бес жыл бойына тұрғызылып, оған 1,5 миллиард доллар қаржы жұмсалған екен. Ғимараттың жобасы «Дубай мұнара қаладағы қала сияқты жобаланды - меншiктi көгалдармен, саябақ және бақтармен. Көк тiреген үйдiң жобасы Skidmore, сонымен бiрге Чикагоға Уиллисты жобалаған Owings and Merrillдiң американдық сәулеттiк бюросы жасады, Бүкiләлемдiк Нью-Йорктегi 1-шi Бүкiләлемдiк сауда орталығы және көп басқа белгiлi ғимараттарды жобалаушы.

Шанхай мұнарасы

Қытайда салынып жатқан 121 қабаттан тұратын Шанхай мұнарасының құрылысы 1993 жыл басталған еді. 2014 жылы құрылысы аяқталып, әрлеу жұмыстары жүргізілді. 2015 жылы ғимарат пайдалануға беріліп, Шанхайдағы ең биік нысан ретінде танылды. Ал, биіктігі жөнінен Қытайдағы ең бірінші ғимарат саналса, әлем бойынша еркін тұрған ғимарат ретінде үшінші орын алады. Дубайдағы биіктігі 828 метрлік «Бурж Халифа» мен Токиодо орналасқан биіктігі 634 метр «Аспан ағашы» ғимараттарынан кейін үшінші нысан саналатын осы Шанхай мұнарасы. Нысанның биіктігі 632 метр, жалпы аумағы 380 мың м². Аталмыш ғимараттың жанында Цзинь Мао мұнарасы мен Шанхай бүкіләлемдік қаржы орталығы тұр. 2016 жылы Шэньчжэнь қаласында бой көтеретін Пинань халықаралық қаржы орталығының биіктігі Шанхай мұнарасынан асып түсуі керек еді. Алайда белгілі бір себептерге байланысты ғимараттың биіктігі 600 метрге төмендетілді.   

Dubai Perl

 

Әлемдегі ең биік ғимарат пен ірі сауда орталықтарын жобалау барысында сәулетшілердің бірі Дубайда тұрғын үй кешеніне ұқсас нысандар да болуы тиіс деп шешкен екен. Алып шахардың ішінде салынып жатқан «шағын қалашықта» көпір мен 1800 орынға лайықталған премиум-театрды жалғап тұратын 4 мұнара бой көтермек.   

Agora Garden

 

Agora Garden атанған ғажайып ғимараттың құрылысы 2016 жылы аяқталуы тиіс. Табиғат ана мен адамзаттың арасындағы мәміле іспеттес бұл нысанның өзгеге ұқсамайтын ерекшеліктері бар. Бұралып салынған 20 қабатты кешеннің әр қабатындағы балкондарында бау-бақша, сондай-ақ күн сәулесінен қуат алатын қуат көзі мен жаңбырдың суын қайта өңдейтін құрылғы қондырылмақ.   

World One

Мумбай қаласында салтанат құратын 117 қабаттық World One кешені әлемдегі ең биік тұрғын үй кешені болады. Ал, Мумбайдағы ең биік ғимарат ретінде тарихта қалады. 300 әдемі төрт бөлмелі апартаменттерде Үндістанның ең бай адамдары өмір сүретін болады. Бөлменің дизайнын Джорджио Армани студиясы жобалаған.

Абдал патшаның мұнайды зерттеу және оқыту орталығы (KARSARC)


Бұрындары Сауд Арабиясын басқарған патша Абдалдың есімі берілген кешенде әлемнің әр түкпірінен жиналған ғалымдар ғылымның әртүрлі саласын зерттейтін болады. Баршаға ортақ тақырып – энергия үш негізгі бағыт бойынша зерттелмек. Олар: Саясаттану және экономика, энергетикалық және экологиялық технологиялар мен энергетикалық ақпарат пен модельдеу.

 

Орталықтың атауы мұнай өндіру саласымен байланысты болса да кешеннің әкімшілігі энергия көздерінің балама түрін зерттеуді жолға қойып отыр. Тіпті осы кешеннің құрылысы жасыл экономикамен байланыстырылып, көгалдандырылмақ. Нәтижесінде болашақта ғимарат LEED платина сертификатын иемденуге үмітті.  

Аталмыш кешен Сауд Арабиясы астанасының халықаралық әуежай аумағында орналасқан. Ғимаратқа елге келген саяхатшылар бірден көрініп тұратын болады. Кешенге жақын жерге кітапхана салынады. Оның жанында зерттеушілерге арналған конференц-орталық бой көтереді. Онда дамыған инфраструктура мен көгалдар болады.

Сучжоудағы Чжуннань орталығы

Жақында Қытайда салына бастаған биіктігі 730 метрлік орталықтың жұмысы әлі көп. Құны 4,5 АҚШ долларына баланған жоба кестеге сай 2020 жылға дейін салынып бітетін болса, Қытайдағы ең биік нысан болмақ. Ал, әлем бойынша биіктігі жөнінен үшінші ғимарат саналатын болады.

Lotte World Tower

Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында салынып жатқан 123 қабаттан тұратын кешен Lotte World ойын-сауық орталығының жанында орналасқан. Жобаға сәйкес нысанның биіктігі 555 метрге созылады. Жобаның сәулет жұмыстарын әйгілі Kohn Pedersen Fox ұжымы мен Джеймс фон Клемперердің командасы атқаруда. Кешеннің құрылысы 2016 жылы аяқталуы тиіс. Онда дүкендер, кеңселер мен апартаменттер, қонақ үй мен тамашалау алаңы болады.   

 «Даванг» тау курорты

Қытайдағы «Даванг» тау курорты 2016 жылы демалушыларды қабылдай бастайды. Ұзындығы 170 метрге созылып жатқан курортта «мұзды әлемде тынығу» бағдарламасы мен жабық шаңғы кешені сондай-ақ аквапарк пен аспалы бақша болады деп күтілуде.

Отель «Сонджанг»

Тау шатқалдары мен сарқырап аққан өзеннің ортасына салынған отель – Қытайдағы демалыс орындарының алдыңғы қатарына шығуы мүмкін. «Даванг» тау курорты секілді «Сонджанг» демалыс кешені де тау шатқалдарының етегіне тақап салынып, терезесінің сыртынан сарқырама ағатын болады. Егер жоғарғы қабаттан төменге түсетін болсаңыз, онда су астындағы тамаша көріністі тамашалайтын боласыз.  

ЭКСПО-2017

 

2012 жылы 22 қарашада Халықаралық көрмелер бюросының Бас ассамблеясында құпия дауыс берудің нәтижесінде Қазақстанның елордасы – Астана Бельгияның Льеж қаласын артқа тастап, 2017 жылғы ЭКСПО көрмесін өткізу мәртебесін жеңіп алды. Астанадағы ЭКСПО көрме кешенінің үздік үлгісін анықтауға арналған байқауға әлемнің 50-ден астам сәулетшілері қатысты. Сөйтіп, 10 жоба іріктелді. Оның ішінде «Adrian Smith+Gordon Gill Architecture LLP» атты АҚШ-тың компаниясының жобасы үздік деп танылды. Осы жұмыс барысында аталған компанияның тек құрылыста ғана емес, «жасыл экономика» саласында да мол тәжірибесі бар екені ескерілді.

«ЭКСПО көрме кешені бір уақытта күн және жел энергиясын, сондай-ақ күл-қоқысты қайта өңдеуден энергиялық-қуат көздерін шығаратын болады.

«Adrian Smith+Gordon Gill Architecture LLP» компаниясының құрылтайшысы Эдриан Смиттің айтуынша, күн энергиясы ЭКСПО кешенінің негізгі қуат көзі болмақ. Жоба бойынша ғимараттың дизайны, оның құрылысы кезінде қолданылатын энергия үнемдегіш материалдар мен панельдердің арқасында энергияның 48 пайызы үнемделеді. Ғимараттың негізгі идеясы да сол – энергияны барынша үнемдеу. ЭКСПО-ның бас ғимараты – Қазақстанның ұлттық павильоны сфера тәрізді салынып жатыр. Жоспарға сәйкес, ЭКСПО-2017 көрмесінің барлық 38 нысаны 2016 жылдың соңында тапсырылуы шарт. Көрме кешенінің жалпы ауданы 174 гектарды құрап отыр. Бұл жерде ауданы бір миллион шаршы метрден асатын нысандарды тұрғызу жоспарланған. Көрме алаңында Қазақстанның ұлттық павильоны, халықаралық, тақырыптық және корпоративтік павильондар, сауда-ойын сауық орталықтары ашылмақ. Ал көрме алаңынан тыс жерде конференц-орталықтар, баспасөз орталығы, тұрғын үйлер мен қонақүйлер болады.


Әзірлеген Бақытгүл АБАЙҚЫЗЫ

Бөлісу: