Әлем 50 жылдан кейін

19 Мамыр 2016, 04:23

Болашақ жайлы болжам

Елу жылда ел жаңа. Жазушы-фантаст Айзек Азимов 1964 жылы «Экспо 64-65» көрмесінде «50 жылдан кейін әлем қандай болады?» деген сауалға жауап беріп кеткен болатын. Ол 2014 жылы адамдар бір-бірінің бейнесін қашықтықтан көре алатынын, роботтар адамдардың күнделікті өміріне енетіні секілді болжамдары бүгінгі күні дәл келгенін көрсетеді. Егер сонау 1964 жылы Айзек Азимов болашақ жайлы болжам жасаған болса, біз де өткенге көз жүгірте отырып, 50 жылдан кейін адамзат өмірінде қандай елеулі өзгерістер боланын болжап көрейік.

  1. Адамзат пайда болғаннан бастап тамаққа, ұйқыға, ұрпақ жалғастыруға, махаббатқа деген қажеттіліктер өзгермеген, өзгеруі екіталай.
  2. 2066 жылы обыр ауырын қарапайым дәрі-дәрмекпен емдей алуға болады.
  3. Технологияның даму қарқынын ескере отырып, болашақта ұшатын көліктер болатынын жоққа шығаруға болмайды. Дегенмен әуеде қалықтап жүрген машиналардың саны сіз елестеткендей көп болмауы мүмкін. Оған мұндай көліктердің бағасының қымбаттығы себеп болуы мүмкін.
  4. Адамзат мұнай мен газға деген тәуелділіктен мүлдем құтылады.
  5. Өзідігінен басқарылатын электромобильдер жанармаймен жүретін автокөліктерді алмастырады.   
  6. Барлық көліктер автоматтандырылғандықтан жол көлік апаты өзі сирек болады.
  7. Европадағы космосты зерттеу орталығының ғалымы Альваро Хименестің айтуынша 2064 жылы өмір сүруге қолайлы планеталар табылады.
  8. Болашақта вертуалды құрылғылардың арқасында үйіңізден шықпай-ақ қалаған жерге саяхаттауыңызға, тіпті күнге қыздырынуыңызға болады. Алайда технология қанша дамығанымен, шынайы демалысты алмастыра алмайды деп болжауда.

Қалай болғанда да болашақта — медицина, ғылым, мәдениеттің қарқынды дамитыны сөзсіз. Ал басқа өзгерістер бүгінгі ұрпаққа жүктелген міндет.   


Алмас САУДАНБАЙ 

Бөлісу: