Әнші әрі актриса Леди Гага АҚШ-тың президент жанындағы өнер және гуманитарлық ғылымдар комитетінің тең төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы президент Джо Байденнің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Леди Гага Байденнің сайлауалды кампаниясына белсене қатысып, 2021 жылғы қаңтарда өткен ұлықтау рәсімінде АҚШ әнұранын орындады.
Ақ үй Леди Гага лақап атымен танымал Стефани Джоанн Анджелина Джерманоттаның 13 Grammy сыйлығының иесі екенін және тарихтағы ең табысты орындаушылардың бірі екенін жазған. Time журналы әншіні ең беделді адамдардың қатарына қосқан. Леди Гага қайырымдылық істермен де жиі айналысады.