Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан күрес түрлерінен Олимпиада ойындарына іріктеу турнирінде Лаура Ғаниқызы жеңіліс тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
50 келі салмақта белдескен Лаура жартылай финалда Азия чемпионатының алты дүркін жүлдегері, әлем чемпионатының қола жүлдегері Винеш Винештен ұтылды.
Тәжірибелі үнділік спортшы физикалық күшін жақсы пайдаланып, 10:0 есебімен жеңіске жетті.
Лаура Ғаниқызы 19 жастағы спортшы. Бапкерлер ел чемпионатындағы жеңісінен соң Лаураға сенім артқан болатын.