Латынша жазып, дағдыланамыз

31 Шілде 2018, 05:32 2238

31 шілде күні Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қарағанды облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ-сі қызметкерлері Қарағанды облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мемлекеттік мекемесінің «Ресурстық тіл орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Латынша жазып, дағдыланамыз» семинар-тренингіне қатысты.

Шараның мақсаты — қазақ әліпбиін латын графикасындағы әріптердің жазылуына, оқылуына мән беріп, сауатты жазуға дағдылану. Қажет әрі қызықты тренингтен алған әсер тамаша. Алғашқы қадам өте жақсы деп айтуға болады. Алда тағы арнайы сабақтар мен диктанттар жоспарда.

Латын әліпбиіне көшу — мемлекетіміздің алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз. Латын әліпбиіне көшу біз үшін, болашақ үшін өте маңызды.

Бөлісу: