Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру талабы

18 Сәуір 2018, 04:33 1913

18 сәуірде Достық үйінде Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен «Латын әліпбиіне көшу - рухани жаңғыру талабы» атты семинар өтті.

Семинарға этномәдени бірлестіктердің мүшелері, ЭМБ жексенбілік мектептердің оқытушылары және БАҚ қатысты.

Іс-шараның мақсаты – «Рухани Жаңғыру»  бағдарламасы аясында латын әліпбиіне көшу маңыздылығы және «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын талқылау. Әлемдік тілде мәдениет деңгейін арттыру, саяси, мәдени сана-сезім мен этносаралық толеранттылыққа қатысты өкілдеріне басқа да этностар мен діни конфессиялардың құрметпен қарауды қалыптастыру, тарихи-мәдени дәстүрлеріне барлық халықтардың қарым – қатынасын нығайту.

Бүгінгі таңда латын қаріпі - әлемдегі ақпараттық, ғылыми және технологиялық алфавит. Қазақ тілін реформалау Қазақстанға тұрақты қоғам құруға және елдің әлемде танылуын арттыруға мүмкіндік береді.

Семинарды ашқан Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университетінің доценті, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі Жанбырбай Қағазбаев:

«Біздерге жай ғана білім алу мұрат емес, шетелдік әріптестерімен кез-келген теке-тіреске түсе алатын, керек десеңіз олардан ойы, таным-түйсігі жағынан оқ бойы озық тұратын, бәсекеге қабілеттілікті арттыра алатын сапалы біліммен қаруланымыз керек. Қазір балаларға, студенттерге арналған арнайы ғылыми-зерттеу орталықтары құрылуда. Ондағы мақсат: «Смарт орта» құру, яғни ақылды адамдар, ақылды қалалардың бой көтеруіне негіз қалайды. Сондай-ақ, біз өзіміздің брендімізді, трендтерімізді ойлап табуымыз қажет. Мұның барлығы қоғамдық сананы руғани жаңғыртуға апаратын даңғыл жол болып табылады. Сондықтан да, кез-келген қолға алған жұмысымыздың нәтижелі болуы үшін, барлық ынта-шынтамызбен кірісіп, неғұрлым жұмыс сапасының жоғары болуы үшін барлық күш-қайратымызды жұмсауымыз қажет», – деп атап өтті.

Семинардың қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификат табыс етті.

Бөлісу: