КВИ-мен ауыратын науқастардың саны 1,4 есеге артқан

21 Ақпан 2023, 16:23 771

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Денсаулық сақтау министрлігінің Жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.


«Бүгінгі күнгі жағдай бойынша елімізде КВИ+ 1,4 млн науқас және КВИ– 90 мыңнан астам жағдай тіркелген. Еліміз бойынша барлық өңір жасыл аймақта тұр. Тәулігіне КВИ+ 120 жағдайға дейін, ал КВИ– 20 жағдайға дейін тіркелген. Науқастардың 99 %-ы емделген. Алдыңғы 2 аптамен салыстырғанда соңғы 2 аптада науқастардың саны 1,4 есеге өсті. Бүгінгі күні елімізде КВИ-мен ауыратын науқастарға стационарлық көмек көрсету үшін 2056 төсек орын ашылды. Оның ішінде инфекциялық 1747 төсек орын және 309 реанимациялық төсек орын ашылды», - деді Роза Қожапова.


Сонымен қатар, эпедемиологиялық маусым басталғалы ЖРВИ-дің 3,5 млн жағдайы тіркелген. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 2,3 млн жағдай. Өткен аптамен салыстырғанда ЖРВИ-мен сырқаттанғандар саны 1,5 есеге төмендегенін атап өтті.


«Сондай-ақ, тұмаудың 3213 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 1299 жағдайы тіркелген. Өткен аптамен салыстырғанда тұмау жұқтырғандардың саны 11 адамға өсті», - деді Роза Қожапова.
Эпидемия алдындағы кезенде қазан айында республика бойынша тұмауға қарсы 2,4 млн адамға немесе республиканың жалпы тұрғындарының 12,7% егілген.

Миражан Махан
Бөлісу: