«Квадрацикл аударылды». СҚО-да атасы немересін өлтіріп алды

19 Қыркүйек, 16:24 1103

Солтүстік Қазақстан облысында квадроцикл аударылып, салдарынан төрт жастағы бала көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 19 қыркүйек сағат 10.30 шамасында Аққайың ауданында болған. 56 жастағы ер адам өз үйінің ауласында «POLARIS» маркалы квадроциклді басқара алмай, аударылып қалған.

Онда отырған 4 жасар бала алған жарақаттарынан қайтыс болды. Квадроциклдің жүргізушісі де орталық ауруханаға жатқызылды, - деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан, көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: